Салтанатты жиын өтті

2022 жылғы 22 қазан күні Қызылорда станциясындағы Желілік полиция бөлімі акт залында Республика күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға бөлімнің басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

Салтанатты іс-шараны құттықтау сөзімен ашқан бөлім бастығы полиция полковнигі Д.Мақсұтов жеке құрамды Республика күні мерекесімен құттықтап, биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлағалы отырғанын атап өтті. Бұл мереке қатарынан алынып тасталғанымен, биыл перзидент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекіткенін жеке құрамға жеткізді. Бөлімнің бірқатар қызметкерлері Республика күні мерекесіне орай өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін, ҚР Ішкі істер министрінің, Көліктегі ПД бастығының және бөлім бастығының бұйрықтарымен марапатталды.

Салтанатты іс шара соңында Қызылорда қаласының №6 орта мектеп оқушылары патриоттық өлеңдер айтып, концерттік бағдарламамен жалғасты.  

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...