САЙЛАУ БЮЛЛЕТЕНЬДЕРІН ОҚУ ҮШІН БАРЛЫҚ УЧАСКЕЛЕРДЕ БРАЙЛЬ ҚАРПІ БАР ТРАФАРАРЕТТЕР ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ

ОСК ДАУЫС БЕРУГЕ АРНАЛҒАН БЮЛЛЕТЕНЬ ҮШІН БРАЙЛЬ ҚАРПІ БАР ТРАФАРАРЕТТІ ТАНЫСТЫРДЫ

Мүгедектігі бар адамдардың өз бетінше дауыс беру мүмкіндігі болуы тиіс. Осы мақсатта Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге арналған бюллетеньге арнайы Брайль қарпі бар трафареттер әзірлейді.

Бүгін ОСК отырысында аталған трафаретті көрсетіп, оның сайлау күні еліміздің барлық сайлау учаскелерінде қолжетімді болатыны атап өтілді.

«Трафареттің мазмұны дауыс беруге арналған бюллетеньге толығымен сәйкес келеді және екі тілде әзірленген. Брайль қарпінің бедерлі-нүктелі таңбалары кәдімгі баспа мәтінімен салыстырғанда көбірек орын алатынын ескерсек, трафарет екі жақты етіп жасалған. Алдыңғы жағында бюллетеньнің атауы туралы ақпарат, ал артқы жағында сайлауға қатысатын саяси партиялардың атаулары және «Бәріне қарсымын» жолы жазылған. «Трафаретті әзірлеу және дайындау барысында бюллетеньге сәйкестік талаптары, сондай-ақ мамандар мен Брайль қарпін пайдаланушылардың практикалық ұсынымдары ескерілді», — деп атап өтті ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндік.

Айта кетейік, Брайль қарпі бар мұндай трафарет — мүгедектігі бар адамдарға қажетті ақпаратпен танысып, өз бетінше дауыс беруге мүмкіндік беретін жалғыз тәсіл емес. Әрбір сайлау учаскесінде арнайы бұрыштар ұйымдастырылған. Онда диагоналі кемінде 54 сантиметр болатын мониторы бар компьютер қарастырылған. Компьютерде партиялық тізімдерін ұсынған жеті саяси партия туралы Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мәліметтердің стандартты жиынтығына сәйкес бірыңғай форматта аудиоақпарат, сондай-ақ басқа да аудио- және бейнематериалдар орналастырылған. Арнайы бұрышта құлаққаптар, қосымша жарықтандыру құралдары және үлкейткіш лупа да қарастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғам дамуының маңызды негізі

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – кез келген құқықтық,...

Құқықтық көмек көрсету мәселелеріне қатысты — халықаралық шарттар

Қазіргі жаһандану дәуірінде мемлекеттер арасындағы құқықтық ынтымақтастықтың маңызы артып...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МОНТЕССОРИ САММИТІ ӨТТІ

Абай университетінде өткен «Монтессори – адам дамуы және өзгермелі...

Налоги, бизнес и реформы

Как известно, национальная валюта в истории современного Казахстана была...

Социальный маршрут столицы 

Пенсионерам помогают с оздоровлением, семьям с детьми с особыми...