12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

САҚТАНДЫРУ: ЖОЛ АПАТЫНЫҢ ШЫҒЫНЫН ЖАБА МА?

Елімізде автокөлік жүргізушілерінің 95 пайызы өз жауапкершілігін және 5 пайызы көлігін сақтандырған. Статистика жол-көлік оқиғасы көлік иесіне орташа есеппен 870 мың теңге шығын келтіретінін көрсетіп отыр. Міндетті сақтандыру бұл шығынның бір бөлігін ғана, яғни 590 мың теңгені ғана өтейді. 280 мың теңге айырмашылық зардап шеккен объектіге келтірілген залалды есептеу кезінде сақтандырушылардың амортизациялық аударымды пайдалануынан туындап отыр.

Қазақстанда жыл сайын 100 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алып, 200 мың автокөлік жүргізушісі жол апатына ұшырайды. Бұл елдегі жалпы автопарктің 5 пайызға жуығы. Жыл ішінде жол апатына кінәлі не кінәлі еместігіне қарамастан әрбір жиырмасыншы көлік жүргізушісі жол-көлік оқиғасына тап болады. Апатпен бетпе-бет келген 200 мың жүргізушінің 98 мыңы ғана 60 миллиард теңге көлемінде сақтандыру өтемақысын алады. Қалған 102 мың автокөлік жүргізушісі сақтандыру төлемі болмағандықтан, автокөлігін өз қаражаты есебінен қалпына келтіреді. Өйткені АҚЖМС (көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру) зардап шеккен тарапқа ғана келтірілген залалды өтейді, ал көптеген автокөлік иелерінде, ол жоқ. – Жүргізушілердің көліктерін қалпына келтіруге жұмсайтын сомасы жылына 115 млрд теңгеге жетеді. Ал жол-көлік оқиғасы кезінде көлік жүргізушілеріне келтірілген жалпы шығын 175 млрд теңгеден асады. Бұл сақтандырушылардан түскен сомадан 3 есе көп, – дейді Freedom Insurance сақтандыру компаниясының басшысы Азамат Керімбаев. Оның сөзіне қарағанда, сақтандыру төлемін алу кезінде көлік жүргізушілерінің наразылығын тудыратын бірнеше себеп бар. Жүргізушілер көбінесе қызмет көрсету (өтемақы сомасының жеткіліктілігі) және төлем мерзіміне қатысты наразылық танытады. Сақтандыру компанияларының мәліметі бойынша сақтандыру төлемін алудың орташа уақыты 90 күнді құрайды. Апат болған күннен бастап төлемді алған күнге дейін 90 күн өтеді. Осы уақыт ішінде автокөлік жүргізушісі автокөлікті басқара алмайды (бағалау процесінің ерекшеліктеріне байланысты) немесе қаржылық ауыртпалықты өз бетімен көтереді және сақтандыру компаниясынан төлем күтпей-ақ, автокөлікті қалпына келтіреді. Бұл ретте автокөлікті жөндеу сомасы сақтандыру өтемақысына сәйкес келмеуі мүмкін, содан кейін автокөлік жүргізушісі де сақтандыру компаниясын сотқа беруге мәжбүр болады. Сақтандыру оқиғасы бойынша құжаттарды қараудың қолданыстағы тәртібі мен шарттары клиенттің пайдасына шешіле бермейді. Төлемдерді өтеудің бұл тәртібі бүгінгі күнге дейін болған залалды бағалау әдістері мен технологияларының даму деңгейімен анықталады. Сақтандыру компаниялары оны заңды немесе экономикалық себеп бойынша өзгерте алмайды. Өйткені, алаяқтық тәуекелімен, жазатайым оқиғаны жасағандардың қулық әрекеті және т.б. байланысты өтемақы туралы негізсіз талаптан қорғауды қамтамасыз ету қажет. Осы арада тұтынушылардың мәселелерін шешу жолдары бар ма деген сұрақ еріксіз туындайды. Жалпы, сақтандыру жағдайын реттеу процесі – сақтандыру компаниясы көрсететін жалғыз қызмет. Сақтандыру бизнесінің негізгі принциптерінің бірі – сақтандыру жағдайының болғанын дәлелдеу. Бұл – сақтанушының, яғни клиенттің жауапкершілігі. Бүгінгі күні классикалық сақтандырушылардың барлығы дерлік осы қағида бойынша жұмыс жүргізеді. Бұл көлік иелерінің сақтандыру компанияларына хабарласқысы келмейтініне, АҚЖМС-ты пайдасыз қағаз деп санайтынына және бұл жүйеге сенбеуіне әкеледі. «Бүгінде Қазақстанда бизнеске, соның ішінде қаржы институттарына клиент туралы сенімді және толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін GovTech тарихы енгізілді. Осылайша, бизнес көптеген процестерді жылдамдатып, пайдаланушылардың өмірін жеңілдетеді. Біз өз клиенттерімізді қағазбастылықтан арылтуды және ең бастысы, оларды бізге бір нәрсені дәлелдеу міндетінен босатуды шештік. Freedom Insurance компаниясының DTP.kz сақтандыру төлемдерін алудың цифрлық сервисі арқылы клиент үшін барлығын өзіміз жасаймыз. Сақтандыру жағдайына өтініш беру, залалды бағалау және сақтандыру төлемдерін алу процесі онлайн форматқа көшірілді. Қазір орташа есеппен 90 күнді (сақтандыру инспекторын шақыру, органдарға бару, қағаз құжаттарды қабылдау және т.б.) қажет ететін бұл қызметті біздің сервисті пайдалану арқылы бар болғаны бір күнде жасауға болады. Бұл ретте ешқайда барудың және артық әрекеттер жасаудың қажеті жоқ. Бұл өнім GovTech және 12 мемлекеттік деректер базасымен интеграция арқасында мүмкін болды», – дейді Азамат Керімбаев. Қазіргі таңда сақтандыру өтемінің негізгі проблемасы зиянның мөлшерін анықтау процесі болып табылады. Ал мұндағы себеп – адам факторы. Объективті себептерге байланысты реттеуші (зиянды есептейтін маман) клиенттің мүддесі үшін де, сақтандыру компаниясының мүддесі үшін де дәйекті дұрыс есептеуді қамтамасыз ете алмайды. Ал клиент көбіне өзіне қажет болғаннан көбірек алуға ұмтылады. Бұл сонымен қатар кейбір процестердің операциялық тиімсіздігіне байланысты. Мұның бәрі бітімгершілік процеске қатысушылар арасында дау туғызады. Бұл мәселені Freedom Insurance сақтандыру компаниясы шешуде: биылғы жаздан бастап олар компьютерлік көру саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу тобының міндеті – фотосуреттердегі автокөліктердің зақымдалуын анықтауды компьютерге үйрету. Сарапшылар тобы келесі жылы DTP.kz сервисі апатқа қатысушыларға келтірілген шығын көлемін автоматты түрде анықтай алуы үшін жұмыс жасауда. Бұл нарықтағы өлшемдерді қабылдау процесін жылдамдатады. Сонымен қатар, адам факторын жойып, бағалау тиімділігін арттырады және қажетсіз бизнес-процестерді азайтады. Ол тұтынушының тұтынушылық тәжірибесін де жақсартады.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Елімізде қанша ҰОС ардагері бар?

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері бар екені белгілі болды.

ҰОС ардагерлерінің құрметіне Алматыда қандай көшелер аталған?

Алматыда 110 көше Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімімен аталады. Оның ішінде 94 көше Кеңес Одағының Батырларының есімімен аталған.

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті

Астанадағы "Қазақ елі" монументі жанындағы Тәуелсіздік алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері ешқашан ұмытылмайды — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадта қазақстандықтарды құттықтады.

Мы с особым вниманием подошли к 80-летию Победы — Президент

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев выступил на параде в Астане,...