12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сақтандыру шартынан туындайтын дауды медиациямен шешкен тиімді

Құқықтық қоғамда барлық қарым-қатынастың заң арқылы шешілетіні қалыпты жағдай. Сәйкесінше сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар да сот арқылы шешімін табады.

Жалпы, сақтандыру шарты бойынша бiр тарап сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенсе, екiншi тараптың сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға сақтандыру төлемiн төлеуге мiндеттенетіні белгілі. Бұл дауларды мінсіз қарау – азаматтардың тәуекелдерін қорғаудың, халықтың материалдық құндылықтарын жоғалтпаудың кепілі.

Сақтандыру ұйымына тиіс сақтандыру сыйақыларының шарттары мен  көлемдері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген. Бұл заңнамаларда сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi, сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың салдары, сақтандыру жағдайынан туындайтын залалдарды азайтуға бағытталған шығындардың орнын толтыру жағдайлары толық шешімін тапқан.

Тәжірибе көрсеткендей, сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды медиациямен шешкен әлдеқайда ыңғайлы әрі тиімді. Сондықтан сақтандыру компаниясының заңгерлері аталған санаттағы даулар бойынша тараптармен сөйлесіп, татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейтуге мейлінше атсалысқандары абзал.

Мұндай дауларда жеңіліс таппас үшін азаматтар сақтандыру шартына жіті назар аударғаны жөн. Сақтандыру шарты сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатыны мәлім. Сақтандыруға қатысты даулардың түрі әралуан. Соның ішінде caқтандыру төлемін жасауды кешіктіру; cақтандыру компаниясының өзін банкрот деп жариялауы; жaғдайды қарастыруды созбалаңға салу; cақтандыру жағдайын рәсімдеуден сақтандыру мекемесінің бас тартуы; міндеттемелерді oрындаудан бас тартуға байланысты келіспеушіліктер жиі орын алады. Әрине, білікті заңгері бар сақтандыру компаниясы шартты өз ыңғайларына қарай жасайтыны түсінікті. Соған орай, өз мүддесі тапталмас үшін азаматтар сақтандыру шарттарымен жіті танысып, әр қадамын сауатты жасауға үйренуі аса маңызды.

Л.Ахметова,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...