Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлап, зорлады деп айыпталған педофил тергеу изоляторының камерасында асылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Оның денесін кезекші тауып алған. Күдікті 62 жаста еді. Денеде жарақат жоқ. Алдын ала себеп — суицид. Ақпарат сенімді, дереккөздер фактіні растады», — деп жазды «Не молчи» қоры Facebook-те.
Еске салайық, 23 шілде күні Сәтбаев қаласында 5 жасар бала жоғалып кетті, кейіннен қыз көпқабатты үйдегі басқа біреудің пәтерінен табылды. Бүлдіршінді зорлады деген күдікпен, азамат қамауға алынды. Бірақ бірнеше адам күдіктіні қолдарына беруді талап етіп, жанжал шығарды.