СҚО-да қылмыстық іздестірудің 104 жылдығына арналған шағын футболдан турнир өткізілді

Қылмыстық іздестіру қызметінің 104 жылдығына орай Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының спорт кешенінде шағын футболдан турнир өткізілді. Жарысқа №51 мекеме, прокуратура, өрт сөндіру бөлімі, ТЖД, АІІБ, жергілікті полиция қызметі және №5510 әскери бөлім қызметкерлерінен тұратын 7 команда қатысты.

Дәстүр бойынша іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранын орындаудан және қылмыстық іздестірудің қысқаша тарихынан басталды. Алаңда қатысушылардың өздерінен басқа матчты көруге және әріптестерін қолдауға келген басқа қызметкерлер де болды.

Матч қорытындысы бойынша III орында №51 мекеме командасы орналасты, II орынды өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері және I орынды жергілікті полиция қызметінің командасы иеленді.

Жарыс жеңімпаздары грамоталар, кубоктар және медальдармен марапатталды. Сондай-ақ, әр қатысушыға жарыстарға белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етілді.

От точечных мер – к системному подходу

СИСТЕМНЫЕ НАРУШЕНИЯ ПДД, РОСТ АВАРИЙНОСТИ И ФАКТИЧЕСКАЯ УТРАТА ПРЕВЕНТИВНОЙ...

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...