СҚО-дағы бас бостандығынан айыру мекемесіне шоколад тақтайшасында жасырылған ұялы телефонды кіргізу фактісі анықталды

Жазасын өтеп жатқан А. сотталушыға берілген сәлемдемені тексеру барысында «ЕС — 164/8 мекемесі» РММ-де шоколад тақтайшасының қаптамасына оралған смартфон табылды. Мекемелердің тексеру аймағына күн сайын сотталғандардың туыстары
азық-түлік, киім және басқа да қажетті заттарды беретін түрлі сәлемдемелер
мен бандерольдер келіп түседі. Барлық сәлемдемелерді жіберушілерге тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы туралы ескертіледі.

Сондай-ақ сотталғандарға беруге рұқсат етілген заттардың тізбесі беріледі.
Алайда, тыйым салынған заттарды мекеме аумағына әкелуге тырысып, заңмен белгіленген тәртіпті бұзуға шешім қабылдаған азаматтар бар. Бұл жағдайда «ЕС-164/8 мекемесі» РММ қызметкерлері шоколадты тақтайша түріндегі смартфонды алып өту әрекетін тоқтатты. Телефон жабысқақ лентадан, фольгадан тұратын қос қабатқа мұқият оралып, үстіне шоколад құйылып жасырылды.

Сотталған шоколадта жасырылған ұялы телефонды оған әзілдесіп оның жиені бергенін айтты. Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша тиісті материалдар жасалып, одан әрі шешім шығару үшін сотқа берілді.

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...