СҚО-да 6 айда 500 астам мас жүргізуші ұсталды

Еңбек демалысы кезеңінде қала сыртындағы жолдарда көлік саны арта түседі. Адамдар демалысқа, туыстарына бару үшін жолға шығады. Жолдағы апат қаупі де артады. Жолдағы апаттылықты төмендету үшін полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігінің айлығы шеңберінде жол-көлік оқиғаларының қаупін азайту бойынша жұмыстар жүргізуде. Әсіресе, жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарын, оның ішінде көлікті мас күйде басқару фактілерін анықтауға басымдық берілген. 2022 жылғы 6 айда облыс жолдарында мас жүргізушілердің кесірінен 9 жол-көлік оқиғасы орын алды, онда 3 адам қайтыс болып, 9-ы жарақат алды.
М.Жұмабаев ауданының 35 жастағы тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қайғылы жағдай республикалық маңыздағы «Челябі-Новосібір» автожолының 645 шақырымында 19 шілде күні орын алды. Қарақоға ауылы маңында ресейлік отбасы мінген «Toyota Corolla» автокөлігі мас күйдегі аудан тұрғынының басқаруындағы қарсы бағытқа шығып кеткен «Toyota Land Cruiser» автокөлігімен соқтығысқан. «Toyota Corolla»-ның жолаушысы РФ азаматшасы оқиға орнында қайтыс болды, оның 7 жасар ұлы ауруханаға жатқызылды. «Toyota Land Cruiser» жүргізушісі уақытша қамауда ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1 бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. «Toyota Land Cruiser» жүргізушісіне қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
«Көлікті масаң күйде басқару, әсіресе, жоғары жылдамдықпен қозғалуға рұқсат берілген жолдарда қайғылы жағдайларға апарып соғуы мүмкін, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Александр Розбах. – Республикалық жолдардағы қозғалыс кезінде жүргізушілер барынша сақ болуы тиіс. Жүргізушілерге жол-көлік оқиғалары көп жағдайда алыс жолға шыққан жүргізушінің шаршауынан, басып озу, бұрылу, жылдамдықты асыру сияқты маневрлерді жасаған кездегі бұзушылықтардан орын алатыны туралы еске саламыз. Барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз».
Жалпы жыл басынан СҚО-да 127 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 19 адам қаза тауып, 191-і жарақаттанды. Апаттардың 24-і республикалық маңыздағы автожолдарда орын алған, онда 8 адам қайтыс болып, 49 адам жарақат алған.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Точка юридической истины 

В НАЧАЛЕ 2026 ГОДА В НОТАРИАЛЬНОМ СООБЩЕСТВЕ КАЗАХСТАНА ПРОИЗОШЛО...

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...