12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

СҚО-да 34 жастағы сотталған әйелге соңғы қоңырау соғылды

Соңғы қоңырау 25 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің ЕС-164/3,6 мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 17 сотталғандар үшін соғылды. Жасы еің үлкен түлек 34 жаста. Наталья 8-ші сыныптан кейін оқуын тастап кетті, бірақ оны колонияда жалғастыра алды. Биыл «сырттай кеңес беру пунктін» (мектепті) 17 сотталған аяқтады.

Көңіл-күй мерекелік. Мен бұл күнге, 11 сыныпты бітіргеніме өте қуаныштымын. Алдағы уақытта колледжге түсіп, мамандық иесі атануға талпынысым бар. Мен тігінші болуды жоспарлап отырмын, өйткені бұл өте қажет мамандық, босатылғаннан кейін өз ательемді ашуды армандаймын — сотталған Ульяна (20 жаста).

Мекемеге келмес бұрын менде 8 сыныптық орта білім болды. Мекемеде маған мектепті бітіру мүмкіндігі берілді. Бүгін менің мектепті бітіріп жатырмын. Колледжге түсуді жоспарлап отырмын, шаштараз-визажист мамандығына оқуды жоспарлап отырмын. Мені анам, күйеуім, ұлым, 84 жастағы әжем бостандықта күтуде. Барлығы мені өте жақсы көреді. 34жаста «Соңғы қоңырауды» естуден эмоциялар керемет. Тіпті бітіруші түлектің лентасы бар, бәрі өзім күткендей. Оқу, жұмыс істеу, мамандық алу жоспарлары өте көп, өмірімде бәрі жақсы, — дейді сотталған Наталья (34 жаста).

2021-2022 оқу жылында жалпы орта білімі жоқ барлық сотталғандар оқытумен қамтылды. Барлығы 77 сотталған облыс мекемелеріндегі мектепте оқыды. Мекемеге жазасын өтеуге келген сотталғандар, егер оларда орта білімі болмаса, 35 жасқа дейін ҚР ҚАК 127-бабына сәйкес мектепті бітіруге міндетті, 35 жастан кейін сотталғанның қалауы бойынша мектепті тәмамдауына болады.

Бас бостандығынан айыру орындарындағы оқу жоспарының бағдарламасы отандық білім беру жүйесінен еш айырмашылығы жоқ, мемлекеттік емтихандарды тапсырғаннан кейін оларға аттестаттар беріледі. Мекеме базасында 11 сыныптан кейін сотталғандар «Петропавл кәсіптік колледжінде» тігінші, қаптаушы, плиташы және т. б. сияқты сұранысқа ие мамандықтар бойынша орта-арнайы білім ала алады. 9 және 11 сыныптардың аттестаттарын тапсыру 2022 жылғы маусым айының екінші жартысына жоспарланған, — СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Қанат Сүлейменов.

Мектеп әкімшілігі мен директоры түлектерді орта мектепті бітіруімен құттықтады. Енді сотталғандардың алдында емтихандар қалды, содан кейін оларға жалпы білім беретін мектепті бітіргені туралы аттестаттар берілетін болады.

2021 жылы облыс мекемелерінде 46 сотталған, 2022 жылы 77 сотталған білім алды. 2021 жылы да, 2022 жылы да 17 сотталған мектепті тәмамдады. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының мекемелерінде 1500 астам сотталған жазасын өтеп жатыр.

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

«Таза Қазақстан!» экологиялық акция  №11 мекемедегі балалар колониясында сенбілік өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС Алматинской области отметили День единства

Сотрудники учреждения №14 Департамента УИС по г. Алматы, Алматинской...

Елордалық колонияда Халықтар бірлігі күні атап өтілді

ҚР ІІМ ҚАЖК “№3 Мекеме” РММ-де сотталғандар арасында «Қазақстан...

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қарт адамдарға концерттік бағдарлама ұйымдастырды

1 мамыр Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күні қарсаңында Абай...