СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы «Жақсылық күнін» жариялады

20-дан астам қызметкер донор бола отырып, қанның оңтайлы қорын құру және қан компоненттерін үздіксіз беру үшін қан тапсырды. Өткен 2021 жылы барлығы 130-дан астам қызметкер «Қан Орталығында» қан қорын толықтырды.

Күн сайын әртүрлі апаттардан зардап шеккендерге, күрделі операцияларды жүргізу кезінде, сондай-ақ онкологиялық аурулары бар балаларға қан қажет. Өз кезегінде «Облыстық қан орталығының» мамандары СҚО бойынша ҚАЖД жеке құрамын еріктілер қатарында көруге қуанышты. Өйткені, тәртіп сақшылары үнемі медициналық тексеруден өтіп, жақсы дене шынықтырумен айналысады.

Соңғы күндері ерекше қардың жауғанын байқауға болады. ЕС-164/1,3,6,9 мекемелерінің және Петропавл қаласы мен СҚО бойынша ҚАЖД аудандарының пробация қызметі бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ сотталғандар қатарындағы еріктілермен 20-дан астам зейнеткерге қар тазалауға, олардың аулалары мен жақын маңдағы аумақтарын қардан тазартуға көмек көрсетті. Өйткені зейнеткерлер көбіне жалғыз тұрады және көмекке аса мұқтаж.

— Біз жұбайымызбен бірге жер үйде тұрамыз. Мен 90 жастамын, жолдасым жақында 88 жасқа толады. Қар көп, қарды өзіміздің тазалауымызға күш қауқар жоқ. Пробация қызметкерлері үнемі келіп тұрады, қар жинайды, қажет болған жағдайда үйді тазартуға көмектеседі, қажетті бірінші кезектегі қажетті азық-ьүліктерді әкеп береді. Бүгін қызметкерлер біздің қарды тазалап, отынымызды жарып берді», — дейді зейнеткер Николай Андреевич.

— 2021 жылы СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері 55-тен астам отбасына көмек көрсетті, 65 литрден астам қан тапсырды, антисептиктер мен маскалар таратылды. 2022 жылы біз мұқтаж жандарға көмек көрсету жұмыстарын жалғастырамыз, — деді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Рустан Ахметжанов.

Айта кету керек, сотталғандар мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге әрқашан да дайын. Бұл оларды қайта әлеуметтендірудің маңызды қадамдарының бірі.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...