СҚО бойынша ҚАЖД  қызметкерлері фильм түсіріліміне қатысты

Шамамен екі апта бұрын Петропавл ормандарында «Қара қыз» көркем фильмінің түсірілімі басталды. Кинокартинаны мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен белгілі режиссер, сценарист, кинодраматург, Қазақстанның халық әртісі, профессор Талғат Досымғалиұлы Теменов түсіреді.

Қосымша актерлер ретінде түсірілімге СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің ведомстволық бағынысты мекемелері мен Петропавл қаласының пробация қызметінің қызметкерлері шақырылды.  Түсірілімге 20-ға жуық қызметкер қатысып, актерлік ойынның өте жоғары деңгейін көрсетті. Түсірілім алаңында әр актерге өзіндік рөл, неміс фашистерінің әскери формасы мен қарулары түріндегі сахналық костюмдер мен реквизиттер берілді.

«Әр адам бір кездері фильмге түсуді армандаған шығар. Бізге отандық кинонын түсірілімдеріне қатысу ерекше мүмкіндігі берілді. Талғат Теменов режиссерлік еткен фильмде рөл ойнау біз үшін мәртебе. Ол сондай-ақ әйгілі «Алтыншы пост» фильмінің түсірілімін басқарған. Бүгін біз жаңа тәжірибеге ие болдық. Сол кездегі оқиғаларды толық сезіне алдық»,- дейді пробация қызметінің инспекторы Думан Абаев.

Кинокартина көрерменге әскери драма жанрында ұсынылады. Фильмдегі оқиғалар 1941 жылы орын алады, үш дос – Асқарбек, Қарабай және Григорий майданға кетіп қалады. Кейінірек олардың артынан ұлын табу үшін Асқарбектің әкесі де майданға аттанады. Бейнекартина тұсаукесері 2023 жылдың көктеміне жоспарланған.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

В честь Дня Республики прошёл турнир по волейболу

В женской колонии УИС по области Абай в честь...