СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері қаланы абаттандыру айлығына қатысты

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың ұсынысы бойынша Петропавлда қаланы абаттандыру айлығы өткізілді. «Таза бейсенбі» акциясына 100-ден астам ұйым қатысты, олардың арасында СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің және Петропавл қаласының пробация қызметінің жеке құрамы бар. Қызметкерлерге Жамбыл Жабаев көшесі бойындағы Сәбит Мұқанов көшесінің қиылысынан Ғабит Мүсірепов көшесіне дейінгі аумақ бекітілді. Аталған аумақтан жеке құраммен 40 қап қоқыс жиналды.

«Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты қала көшелерінде тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғамның назарын аудару болып табылады. Мұндай акцияларға тұрақты негізде қатысамыз. Қаланың тазалығы әрқайсымызға байланысты екенін есте ұстаған жөн», — дейді пробация қызметінің инспекторы Айгерим Уваисова.

Петропавл қ. ПҚБ инспекторы
әділет аға лейтенанты
Абаев Д.

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында айтыс өтті

Қазақстан халқының дәстүрлері қоғамдық өмірдің маңызды бөлігі болып қала...