СҚО бойынша ҚАЖД «ЕС-164/8 мекемесі» РММ сотталғандардың қатысуымен «Болашақ тұлға-білімді ұрпақ»ақпараттық сағаты өткізілді

Қазақстанда 2022 жыл «балалар жылы» деп жарияланды. Балалар жылы аясында СҚО бойынша ҚАЖД «ЕС-164/8 мекемесі» РММ сотталғандардың қатысуымен «Болашақ тұлға-білімді ұрпақ»ақпараттық сағаты өткізілді. Іс-шараны Айыртау аудандық орталық кітапханасының мамандары дайындады.

Сотталғандардың едәуір бөлігі өздері ата-аналар, сондықтан балалардың тақырыбы оларға өте жақын. Әңгімелесу барысында сотталғандар кітапханашылар с. Икашева мен Н.Еременкоға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Сөз жоқ, кездесу барысында еліміздің азаматтарының қазіргі өскелең ұрпағының зияткерлік құрамын қалыптастыру мен дамытуға баса назар аударылды. Сотталғандар мемлекет тарапынан балаларды қолдау шараларына, оларға берілетін мүмкіндіктерге қызығушылық танытты.

Сондай-ақ, ақпараттық сағат барысында сотталғандар балалық шағында оқыған жаңа кітаптар мен шығармалар, сондай-ақ балаларына оқуға кеңес беретін шығармалар талқыланды.

Жиын соңында жиналғандар дені сау, интеллектуалды дамыған, бақытты балалар ғана Қазақстан Республикасының сенімді тірегі, жаңа перспективалары мен мүмкіндіктері бар жаңа Қазақстанды құратын азаматтар бола алады деген ортақ пікірге келді.

Сотталғандар арасындағы тәрбие, әлеуметтік — психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы
әділет подполковнигі К.Ашкенов

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік...