СҚО бойынша ҚАЖД №51 мекемесінің аумағында «Агротехникалық колледж» ашылды

СҚО бойынша ҚАЖД №51 мекемесінде оқу жылының басталуына орай Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі өз есігін айқара ашты. Елу сотталған үшін бұл күн ерекше болды, себебі осы уақыттан бастап олар «кең бейінді құрылысшы шебері» және «газэлектрмен дәнекерлеуші» мамандықтары бойынша білім алуға мүмкіндік алды.

Колледж директоры Б. Т. Жанахметов салтанатты жиында сөз сөйлеп, барлық студенттерге оқуда табыс және жаңа ашылулар тіледі. Басшылық атынан сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру және жалпы мәселелері жөніндегі бастығының орынбасары әділет майоры С.С.Спасская сөз сөйледі.

Салтанатты жиыннан кейін сотталғандар өздерінің оқу кабинеттеріне барып, оларға алғашқы «сынып сағаты» өткізілді. Болашақта теориялық сабақтардан басқа, практикалық сабақтар өткізу жоспарланған, онда сотталғандар алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолдана бастайды. Ал 10 айлық оқудан кейін олар дипломды мамандар болады.

                                            Әділет аға лейтенанты  Истенгалиева А.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...