СҚО бас бостандығынан айыру мекемесінде бірқатар тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті тоқтатылды

Тыйым салынған заттарды алып өтудің тағы бір әрекетін «ЕС-164/8 мекемесі» РММ-нің қызметкерлері тоқтатты. Сотталғанға берілген сәлемдемені тексеру кезінде екі шағын термостан «Трамадол» синтетикалық анальгетиктің 20 таблеткасы, «ALTEL» және «Tele2» ұялы операторларының екі SIM картасы бар «Nokia» телефоны, USB кабелі және алдын ала деректер бойынша, есірткі болып табылатын, шығу тегі белгісіз зат табылды және анықтау үшін сараптамаға жіберілді.

Егер зат шын мәнінде есірткі болып шықса, жөнелтуші «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» ҚР ҚК-нің 297- бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...