СҚО ҚАЖД №48 мекемесінің сотталғандарына алғашқы қоңырау соғылды

1 қыркүйек — оқушылар, студенттер мен мұғалімдермен қатар сотталғандар үшін де оқу жылының басталуы болып келеді.

Бүгін СҚО бойынша ҚАЖД №48 мекемесінің 91-ші сотталғанына алғашқы қоңырау соғылды. Оқу сыныптарының бірінде өткен салтанатты жиын шағын концерттік бағдарламамен сүйемелденді. Мекеме басшылығы мен оқытушылар сотталғандарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

«Сапалы білім алу сотталғандарды түзеу жолындағы іргелі негіз болып табылады. Мекемелерге келген сотталғандар оқи және жаза алмайтын жағдайлар жиі кездеседі. Кейін олар құжаттарды толтыруда, хаттар жазуда және т.б. қиындықтарға тап болады. Біз сотталғандарға болашақта мамандығы бойынша әрі қарай оқуын жалғастырып, жұмыс істей бастауы үшін барлық қажетті білім беруге тырысамыз»,- дейді мекеме оқытушыларының бірі.

Қазіргі уақытта мекемеде 9, 10 және 11 сыныптар жұмыс істейді. Оқушылардың ең көп саны 10 сыныпта -46 адам, одан кейін 11сынып -36 сотталған және 6 оқушымен 9 сынып үштікті жабады. Қазіргі уақытта ең ересек оқушы 36 жаста. Бірақ Рим империясының риторы Квинтилиан айтқандай, «білім алу ешқашан кеш емес».

СҚО бойынша ҚАЖД №48 мекемесінің
СжӘПТЖБ бастығы
әділет майоры
Мурсалимов М.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...