12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Шолпан ӘБІКЕНОВА, Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:
«Еңбек қауіпсіздігін сақтау — баршаға ортақ талап»

– Шолпан Кәкімжанқызы, әңгімемізді «Еңбекті қорғау» терминінің өзінен бастасақ. Ол қандай салаларды біріктіреді және қандай міндеттерді шешеді?
– Қауіпсіз еңбек жағдайлары – адамның негізгі құқықтарының бірі және «лайықты еңбек» ұғымының ажырамас бөлігі. Халықаралық еңбек ұйымы еңбекті қорғауды, еңбек стандарттарын, әлеуметтік диалогты, қызметкерлердің осал санаттарын әлеуметтік қорғауды дамыта отырып, лайықты еңбек қағидаттарын қалыптастырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындамау кәсіпорындардың экономикалық әл-ауқатына нұқсан келтіреді, оның тұрақты даму стратегия­сына және жалпы алғанда ел экономикасына кері әсер етеді. Еңбекті қорғау сапасы, еңбек қауіпсіздігі мәдениетінің жоғары деңгейі қызметкерге, жұмыс берушілерге және барлық деңгейдегі билік органдарына бірдей тиімді. Тек қауіпсіз еңбек қана лайықты жұмыс деп атауға лайық! Сондықтан, еңбекті қорғау еңбек міндеттерін орындау кезінде өндіріс процесінде жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбекке қабілеттілігі мен өмірін сақтауды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті әрекеттерді жасау міндет.
– Өзіңіз жетекшілік ететін Институт туралы аз-кем мағлұмат беріп кетсеңіз.
– ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты әлемнің барлық дамыған елдерінде жұмыс істейтін және еңбекті қорғау саласында ғылыми қызметті жүзеге асыратын ғылыми институттардың жалғыз отандық аналогы болып табылады. Институт әлемдік үздік ұйымдастырушылық тәжірибе үлгісі бо­йынша құрылған. Біздің Институт ғылыми-техникалық қызметтің және базалық қаржыландырудың субъектісі болып табылады, еңбекті қорғау саласындағы ғылыми зерттеу бойынша көп жылдық тәжірибесі бар, 12 өңірлік филиалы тұрақты жұмыс істеуде. Оның базасында 15 ғалымнан тұратын Ғылыми кеңес ғылыми-зерттеу жұмыстардың орындалуын үйлестіріп келеді. Сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Консультативтік-сараптамалық кеңесі, құрамында 22 мүшесі бар «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» жөніндегі техникалық комитет жұмыс істейді. Бұл құрылым еңбекті қорғау саласындағы стандарттаумен айналысады. Институт құрамында аккредиттелген өлшеу және бақылау зертханасы да ауқымды жұмыстар атқарып келеді.
– Зерттеудің негізгі бағыты қандай?
– Қызметтің негізгі ғылыми бағыттары әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, санитарлық-гигиеналық зерттеулер үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Әлеуметтік-құқықтық зерттеулер бөлімі – әлеуметтік-еңбек саласындағы нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдірумен, нормативтік саясат пен құқықтық нормалардың құжаттамасын әзірлеумен және ғылыми тұжырымдаумен айналысады. Экономикалық өлшемдер және статистика бөлімі еңбек жағдайын жақсартудың экономикалық құралдарын зерттеумен, өндірістік жарақаттану, кәсіптік аурудан келетін экономикалық шығында есептеп, статистикалық талдау жасайды. Биомониторинг және еңбек гигиенасы бөлімі өндірістік орта мен еңбек процесі факторларының әсерін бағалау әдістерін зерттеумен айналысады. Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында біздің институттың құрылымында үш орталық жұмыс істейді. Біздің Кәсіптік тәуекелдерді бағалау орталығы – еңбек жағдайларын бағалау және кәсіптік тәуекелдерді бағалау әдістерін әзірлеуді жүзеге асырады. Ал Кәсіби құзыреттер орталығы оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, 25-тен астам оқу бағдарламасы бойынша дайындықты жүзеге асырады. Нормалау және стандарттау орталығы нормативтік материалдарды әзірлеу бойынша жұмыс жасайды, сондай-ақ, кәсіпорында еңбекті қорғау жүйесін басқарумен айналысады. Қазіргі уақытта Институт серіктес жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдарымен бірлесіп бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша екі ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруда.
– Кәсіптік тәуекелдерді бағалау және оларды жою бойынша шаралар жүргізіле ме?
–Еңбек кодексінің 82-бабының 2-тармағына сәйкес, жұмыс беруші кәсіптік тәуекелді бағалауды және про­филактика жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді неғұрлым қауіпсіз жабдықтарға ауыс­тыру жолымен оны барынша азайту және алып тастау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. Осы норманы іске асырудағы жұмыс беруші әрекеттерінің дәйекті алгоритмі мынандай: біріншіден, кәсіптік тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау. Екіншіден, технология мен жабдықтың қауіптілігі төмен және зиянды нұсқаларын таңдау арқылы кәсіптік тәуекелді төмендету немесе жою бойынша түзету шараларын жүргізу. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру еңбек жағдайларын жақсартудағы және әлеуетін толық пайдаланудағы экономикалық құрал болып табылады. Сақтандыру ұйымдары кез келген кәсіпорынның әр мамандығы үшін кәсіптік тәуекелдің индикаторын анықтауы керек. Осылайша, сақтандырудың сараланған тарифін белгілеу жұмыс берушілердің еңбек жағдайларын жақсартуға ынталандыруға оң әсер ете алады. Сондай-ақ, бұл жұмыс берушінің мүдделері (сақтандыру тарифін төмендетуге мүдделі), қызметкердің мүдделері (еңбекке қабілеттілікті сақтауға мүдделі), сақтандыру ұйымының мүдделері (сақтандыру төлемдерін төмендету) арасындағы өзара байланысты күшейтуге әкеледі.
– Қазақстандағы өндірістік жарақат пен кәсіби сырқаттың статистикасы қандай?
– Соңғы жылдары Қазақстан қауіпсіз еңбек индикаторларының бірі ретінде өндірістік жарақаттану деңгейін (бұдан әрі – ӨЖ) төмендетуде, оның көлемін (100 мың жұмысшыға) 2010 жылғы 0,67-ден 2021 жылы 0,23-ке дейін азайта отырып, елеулі табысқа қолжеткізді. Дегенмен, ӨЖ салдарынан болатын өлім-жітім әлі де өзекті мәселе болып отыр. 2011 жылдан бастап Қазақстанда өндірістік жарақаттың тұрақты төмендеуі байқалады. Алайда, ресми статистика көп жағдайда шынайы есеппен сәйкес келе бермейді. Осы ретте өндірістік жарақатты жасыру, ресми жұмысқа орналаспаған (заңсыз жұмыс істейтін) қызметкерлердің өндірістегі жазатайым оқиғалары, әдетте, зерттелмейтінін және тіркелмейтінін ескерген жөн. Тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы және т. б. сияқты жарақатқа қауіпті салалардың статис­тикадағы үлесі жоғары болып қалуда.
– Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін институт қалай атап өтеді?
– Алғаш рет 2003 жылы 28 сәуірде атап өтілген Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні еңбекті қорғау, өндірістік жарақат пен кәсіптік ауруға қатыс­ты проблемаларға және өндірістегі өлімнің көбеюіне қоғамның назарын аударуды көздеді. Бұл күні әлемнің барлық дерлік өңірлерінде үкімет, кәсіподақ ұйымдары, жұмыс берушілер ұйымы және еңбекті қорғау саласындағы практик-мамандар өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алудың маңыздылығын атап өтіп, әлеуметтік диалогтың күшті жақтарын көрсете отырып, Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шараларды бірлесіп ұйымдастырып келеді. Айта кету керек, 1996 жылдан бастап 28 сәуір – бүкіл әлемде қаза тапқан және жараланған жұмысшыларды еске алудың халықаралық күні.
Жұмыс орнында қайтыс болғандарды есте ұстап, адам өмірін жоғалт­пау үшін қауіпсіздікке байланысты бәрін жасау – міндет. Ол үшін әркім өз рөлі мен үлесін түсінуі керек. Біздің әрқайсысымыз жұмыс орнында жарақат пен аурудың алдын алуға жауаптымыз. Үкімет нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық инфрақұрылымды қамтамасыз етуге жауап береді. Жұмыс берушілер қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасын қамтамасыз етуге жа­уапты, оларға негізгі ресурстық жүктеме, оның ішінде қаржылық жүктеме жатады. Бүгінде жұмысшылардың еңбекке жарамды болуын және кәсіпорындардың өркендеуін қамтамасыз ету үшін қажетті заңдар мен тетіктер әзірленуде. Қызметкерлер қауіпсіз жұмыс істеуге, өзін қорғауға және басқаларға қауіп төндірмеуге, өз құқықтарын білуге және алдын алу шараларын іске асыруға міндетті. Қазақстанда дәстүр бойынша бұл күні KIOSH Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша қазақстандық халықаралық конференция мен көрме ашылады. Осы ауқымды іс-шара шеңберінде ағымдағы жағдайды талдау және бағалау, проблемалар мен трендтерді анықтау, шешімдерді әзірлеу және еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы дамудың жалпы пайымын жасау мақсатында түрлі форматтарда бірлескен жұмыс жүргізіледі.
– Сұхбатыңызға рақмет.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

Есть ли выход из трудового рабства?

Во всем мире торговля людьми остается глобальной проблемой, затрагивающей...

Еще одна победа

С двумя золотыми медалями и статусом двукратного победителя чемпионата...

Советхан СӘКЕНОВ, құрметті демалыстағы судья: «ӘДІЛДІК ЖОҚ ЖЕРДЕ МЕМЛЕКЕТ ДАМЫМАЙДЫ»

– Советхан Сәкенұлы, құрметті демалысқа шыққаныңыз құтты болсын! Зейнетке...