РУ -170/3 түзету мекемесінде  1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі аталып өтілді

Қазақстан халықтарының бірлігі күні – Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мерекенің орны ерекше.  

Мерекені РУ -170/3  мекемесінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары юстиция капитаны Жангелді Насиболлаұлы мен ОКП меңгерушісі Қайырболат Қуанұлы құттықтап ашты.

Шахмат, дойбы ойындарының танымдық маңызы зор спорт ойындары екені белгілі. Бұл ойындар адамды жылдам ойлауға, тез шешім қабылдауға және нық қадам жасауға тәрбиелейтіндіктен, мектеп оқушылары  арасында «шахмат және дойбы» турнирі ұйымдастырылды.                                                      

Турнир барысында  қатысушылар арасында орындар тағайындалып,  алғыс хаттармен марапатталды.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...