Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ақпан айының соңына дейін Алматы қаласында ауа-райының құбылмалылығы, жоғарғы температурадан төменгі температураға күрт өзгеруі, қар аралас жаңбыр түрінде нормадан жоғары жауын-шашынның түсуі, сондай-ақ жоғары ылғалдылық, аяз, тұман және көктайғақ күтілуде.

Осыған байланысты Алматы ТЖД-нің 112 СМС хабарламаларына мұқият қарауды, автокөлік жүргізу кезінде сақтық шараларын сақтауды, жылдамдықты азайтуды, қашықтықты сақтауды, кенеттен маневрлер мен тежелулерден аулақ болуды сұраймыз. Жолдың жүру бөлігінде және тротуарларда көктайғақ пайда болғанда жаяу жүргіншілер сақ болу керек, әсіресе баспалдақтардан төмен түсу және көтерілу кезінде.

Қымбатты Алматылықтар — сәл шыдамдылық танытайық, жақын арада біздің сүйікті қаламызда көптен күткен ұзақ және жылы кезең болатынын ұмытпаңыздар! Жақындарыңызбен және өз денсаулықтарыңызға абай болыңыздар!

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...

Экспертное заключение

«ADALDYQ CUP» — эффективный инструмент трансформации государственной службы Качество современного...

Эксперттік қорытынды

«ADALDYQ CUP» — мемлекеттік қызметті трансформациялаудың тиімді құралы Бүгінгі мемлекеттік...

Нет коррупции!

Коррупция остаётся одной из наиболее актуальных проблем современного общества,...

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсерін тигізіп, азаматтардың...