Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары

Ақмола облысының аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ағымдағы жылдың 19 қаңтарына дейін ерекше жағдайлар режимі енгізілді.
 
Осыған байланысты, осы режимнің қолданылу кезеңінде облыстың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі күн тәртібі өзгерді, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, уақытша шектеу шаралары қабылданды.
Яғни, сотталғандардың қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден (қоныс колониясы) тыс жерге шығуы тоқтатылды, сондай-ақ барлық мекемелерде ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер, хабарлар және телефон арқылы сөйлесулер уақытша тоқтатылды.

Осы уақытша шектеу шаралары мекемелердегі тұрақтылықты, облыс ҚАЖ мекемелеріндегі сіздің туған-туыстарыңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше оқиғаларға жол бермеу мақсатында қабылданды.
Сонымен қатар, бүгінгі күні облыстың Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдай тұрақты, тіршілікті қамтамасыз етудің барлық объектілері штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлаймын. Колонияларда сотталғандардың вирустық инфекцияны жұқтыру фактілерін болдырмау мақсатындағы алдын алу іс-шаралары үнемі жүргізіледі.
Сіздердің алаңдаушылығыңызға себеп жоқ.

Кездесуге берілмеген күндер, сәлемдемелер сақталады және кейінірек беріледі.
Ресми ақпарат көзімен расталмаған ақпарат болған жағдайда, түсініктеме алу үшін Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментіне жүгінуіңізді сұраймыз.
Тел. бойынша: 8 716 2 78 11 04
 
Жағдайдың барлық өзгерістері туралы Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің әлеуметтік желілер парақшаларынан біле аласыздар (https://instagram.com/aqmola_duis?utm_medium=copy_link
https://www.facebook.com/profile.php?id=100045704964078)

Прозрачность, профессионализм и равные возможности для всех кандидатов

В Казахстане внедряется обновлённая система отбора на государственную службу....

Елім деген ер болса, ер деген ел болады

5 наурыз – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама...

ЗАКОН И ПОРЯДОК

Сегодня в Казахстане концепция «Закон и порядок» перестает быть...

Цифрландырудың сот төрелігіне қол жеткізуге әсері

Қазіргі таңда қоғамның барлық саласында цифрлық технологиялар кеңінен қолданылуда....

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»»

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі....