Ұрлық жасаған сотталған мәжбүрлі еңбекке тартылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған Ж. Есімді азамат тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқырғаны үшін, Жалағаш аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда, жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылған.

Аталған сотталған қазіргі таңда өз ауылында әкімдік белгілеген жерлерде қоғамдық жұмыстарды, яғни күніне 4 сағаттан абаттандыру, қоқыс тазалау жұмыстар жасау арқылы жазасын өтеп келеді. Сол объектілердің бірінен, сотталғанның мәжбүрлі еңбегін қалай атқарып жатқанын қадағалап, ауылдық округ әкімі, учаскелік полиция инспекторының қатысуымен сотталғанға жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндіріліп, мәжбүрлі еңбегін адал атқару керектігі жөнінде әңгіме жүргізілді.

Қармақшы аудандық ПҚ-нің
инспекторы әділет лейтенанты Б.Оразалиев

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік...