spot_img
spot_img

Әріптестерді еске алды

Биыл алғаш рет 24 маусымға белгіленген «Судья мен сот қызметкерлері күні» кәсіби мерекесі аталып өтілді.

Аталған мереке қарсаңында Қызылорда облыстық сотында салтанатты шара болып өтті. Шара барысында сот ардагерлері мен қызметте жетістікке жеткен судьялар мен қызметкерлер марапатталды.

Сонымен қатар, кәсіби мереке аясында өмірден өткен әріптестерді еске алуға арналған облыстағы соттар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды.

Осы шаралардың жалғасы ретінде Қызылорда облыстық соты мен Судьялар Одағының Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен сот саласында қызмет жасап, өмірден өткен әріптестерге арнап құран бағышталып, ас берілді.

Асқа өмірден өткен әріптестердің туыстары, сот ардагерлері, журналистер, қоғамдық ұйым өкілдері мен облыс соттарының ұжымы қатысты.

Өмірден өтсе де жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталған әріптестерімізді еске алып, құрмет көрсету үлгілі іс. Көпке өнеге болатын шараны облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Ә.Шығамбаев ашып, өмірден өткен аға буынды еске алып, олардың жүріп өткен жолы қашан да өнеге екендігін айтып өтті.

Мұнан соң қайтыс болған судьялар мен қызметкерлер туралы бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар олар туралы естеліктерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Ас беру рәсімін Судьялар одағының облыстық филиалының төрағасы М.Еркінбеков пен соттар әкімшісі басшысы С.Сүлеймен қорытындылап, кешегі өткен әріптестер мен бүгінгі буын арасындағы ұрпақтар сабақтастығының үзілмегенін, сондықтан алдағы уақытта да осы сынды тағылымы мол шаралардың өткізілетінін атап өтті.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Медиация – оңтайлы шешім

            Дауларды реттеудің қолданыстағы тетіктерін жетілдірудің және азаматтардың бұзылған...

Жолдау жүктеген міндет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті...

Сандық технология сот жүйесінде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қыркүйек айында «Жасанды интеллект...

Сот жүйесіндегі сандық технология

Еліміздің сот жүйесі ең алғашқылардың бірі болып сандық...

Тіл – тұрақтылық кепілі

Халқымыздың біртуар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Біздің заманда өз тілін,...