Республика күнін Абай облысы бойынша қауіпсіздігі орташа колониясының сотталғандары атап өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінде сотталғандар арасында Қазақстан Республикасы күні атап өтілді.
Жарыс бірнеше спорт түрлерінен өтті: футбол, гір көтеру және қол күрестіру.
Сотталғандар ұсынылған барлық спорт түрлеріне белсенді қатысты.
Барлығы 35 сотталушы сайысқа түсті. Олардың ешқайсысы назардан тыс қалған жоқ. Жарысқа қатысушылар жеңіске деген шынайы ұмтылысын көрсетіп, барлық спорттық сынақтардан абыроймен өтті, жарыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

-Спорт жарысының негізгі міндеті сотталғандарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға баулу, дене шынықтыру, моральдық және рухани денсаулықты нығайту, сондай-ақ олардың салауатты өмір салтына деген қажеттілігін қалыптастыру болып табылады, — деп атап өтті бастықтың орынбасары Мақсұт Бақытбек.

Проведено совещание по вопросам организации трудовой занятости осуждённых

В учреждении средней безопасности УИС по области Абай проведено...

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялась выставка книг

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Абай облысында жазасын өтеп шыққан сотталғандар отбасыларымен қайта қауышты

Абай облысында ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеген сотталғандар...