12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

РЕСМИ ҚҰЖАТТАРҒА АПОСТИЛЬ ҚОЮ

Апостиль – құжатқа қол қойған тұлғаның қолын, оның өкілеттігін, сондай-ақ құжатта қойылған мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба (штамп).

«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті және оның облыстардағы, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы аумақтық бөлімшелері көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Мемлекеттік қызметті алу тәртібі:
Жеке және заңды тұлғалар апостиль қоюға өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы қағаз түрінде немесе «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды форматта тапсырады. Өтінішке «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.

Апостиль қойылатын ресми құжаттар:

  • Мемлекеттік органдардан, Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғаларынан, сот және прокуратура органдарынан, әкімдіктерден және өзге де органдардан алынған құжаттар;
  • Нотариалды куәландырылған құжаттар;
  • Виза, тіркеу белгілері, ресми таңбалары бар құжаттар, сондай-ақ нотариалды расталмаған құжаттағы қолды куәландыру жөніндегі құжаттар және т.б.

Апостиль қойылмайтын құжаттар:

  • Қазақстан Республикасының шетелдегі елшіліктері немесе консулдық мекемелері жасаған құжаттар;
  • Коммерциялық немесе кеден операцияларына қатысты құжаттар;
  • Мемлекеттік органдардан шығатын жарғылар, құрылтай құжаттары, патенттік және өзге де арнайы құжаттар (бұл құжаттар ерекшеліктер ретінде бөлек тәртіппен рәсімделеді).

Апостильді қою тәсілі:
Егер апостильді құжаттың өзіне қою мүмкін болмаса, ол бөлек параққа қойылады. Мұндай жағдайда құжаттың барлық парақтары мен апостиль қойылған парақ түрлі түсті жіппен, лентамен немесе арнайы баумен бірге тігіледі және нөмірленеді. «Жұлдызша» деп аталатын бекіту орнында тиісті жазба жазылады.

Құжаттың соңғы парағы бекітілген жерде елтаңбалық мөрмен расталады. Мөрдің бедері әрі «жұлдызшада», әрі құжат парағында толық сәйкес түсуі қажет.

Тігілген парақтардың жалпы саны апостиль қойған уәкілетті тұлғаның қолымен расталады.

Осылайша, апостиль қою рәсімі құжаттардың шетелде заңды танылуын қамтамасыз ететін маңызды құқықтық механизм болып табылады.

Қызылорда қаласының №2 соты әкімшісінің басшысы М.Жүсіпбекова

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...