Ресеймен шекарада екі қазақ елді мекені құрылады

Атыраудың Ресеймен шекарадағы Құрманғазы ауданында екі елді мекен құрылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Мой Город» басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 468 жер теліміне есептелген жобаның құны бір миллиард 550 миллион 645 мың теңге. Мердігер — «Қарағанды ​​жолдары» ЖШС. Компания инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын толығымен аяқтады.

Кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй салу үшін 0,1 гектар жер телімін беруге уәде берілді.

«Құрманғазы ауылында 2016 жылдан бері 2000-ға жуық өтініш беруші кезекте тұр. Тұрғындар кезекпен жер алып жатыр, 60 өтініш беруші жер телімдерін алып үлгерді. 120 тұрғынға жер кезегімен беріледі», — деді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ренат Нұғманов.

Алдағы уақытта аудандағы жаңа елді мекендер қатарына Болашақ және Шипажай шағын ауылдары да қосылады, деп жазады басылым.

Сот приставының негізгі құқықтары мен міндеттері

Сот жүйесінің тиімді әрі кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...

Судья әдебі – кәсіби жауапкершіліктің маңызды бөлігі.

Судья – заң үстемдігін қамтамасыз ететін, азаматтардың құқықтары мен...

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...