Ресей империясының қазақ жерін отарлауына қатысты деректер жинақ болып басылып шықты

Алматыдағы AmalBooks баспасы «Как управлять казахами» деп аталатын жаңа кітапты басып шығарды. Бұл Ресей патшайымы Анна Иоанновна тұсында обер-хатшы болған Иван Кирилловтың «Об удержании в русском подданстве киргиз и способах управления ими» деген жобасының негізінде құрастырылған деректер жинағы.

«Бұл біздің халық санасын отарсыздандыру мақсатында 2021 жылдан бері шығарып келе жатқан «Таза тарих» сериясы аясында жарық көрген он бірінші кітап болып отыр. Иван Кириллов патшайым Анна Иоанновнаға осы жобаны ұсынады. Ол 1734 жылы 1 мамырда мақұлданып, патшайым Кирилловты оған жауапты етіп бекітіп, статтық кеңесші мәртебесін берген екен», – дейді баспагер Бақытжан Бұқарбай.

Баспагердің айтуынша, бұл деректер тарихымызда қалыптасқан мифтерді жоққа шығаруға көмектеседі. Кеңес дәуірінде, әсіресе сталиндік биліктің нұсқауымен Ресей империясының қазақ жерін отарлау саясаты бүркемеленіп, халықтың санасына қазақтардың Ресейге өз еркімен қосылғаны туралы жалған түсінік сіңірілді. Өйткені патшалық Ресей дәуірінде мақұлданған жобаның авторы өздерінің Орта Азия елдерін отарлау саясатын жасырмай, бұл бағытта жүргізілетін іс-шаралары мен олардың бюджеттік шығындарын әрбір тиынына дейін есептеп шығарған.

Кітап мұқабасын безендіруге суретші Нұрлан Қилыбаевтың «Аманат» деген жұмысы қолданылған. Жыл соңына дейін «Таза тарих» сериясы бойынша шығатын кітаптар санын отызға дейін жеткізуді жоспарлап отырған баспаның алдында тұрған басты мақсат – дерек көздерін жалпы оқырманға жеткізу.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ «Заң газеті»

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...