12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Реформалар жүйе жұмысын жандандырды

Егемен елімізде барлық сала ілгерілеп, толысты. Өзінің бағытын нақты ұстанған сот жүйесі де реформалар аясында биік асуларды бағындырды. Ең бастысы Ата Заңда сот мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде бекітіліп, екендігі, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы айқындалды. 

Жүйеде жүзеге асырылып жатқан реформалар мен тың жобалар заң үстемдігін орнату мақсатын көздейді. Осы орайда соттардың мамандандырылуы,  дау шешудің баламалы әдістері, алқабилер мен  медиация институттары, т.б.  өзгерістер азаматтар құқықтарының әділ қорғалуын қамтамасыз етуде.

Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «100 нақты қадам» ұлт жоспарының аясында жүзеге асырылған «Сот жүйесінің жеті түйіні» бағдарламасы сот қызметін жаңа деңгейге көтерді. Кадр саясатына айрықша көңіл бөлініп, судьялар мен судьялыққа үміткерлерге талап күшейтілді. Жоғарғы Сот тарапынан жоғары талаптың қойылуы судьялардың қосымша ізденіп, білімдерін шыңдауына ықпал етуде. Осы тұрғыда «Мінсіз судья» жобасы өз нәтижесін берді.

 Мемлекеттік қызмет түрлері цифрландырылып жатқанда сот саласы да бұдан тыс қалмады. Сот жұмысына енгізілген заманауи технологиялар сот төрелігін қолжетімді етті. Қазіргі таңда электронды құжат айналымы жолға қойылып, көпшілік сотқа қашықтықтан жүгінуде. Жаңа технологиялар қол- жетімділікті арттырумен қатар, қызметкерлердің азаматтармен тікелей қарым-қатынасын азайтты. Мұның өзі әлемдік мәселеге айналған жемқорлықтың жолын кесуге үлкен ықпал етеді

Судьялардың өздері қабылдаған сот актілерін түсіндіру мен  жазудың жаңа мәдениеті қалыптасқанын да айтып өткен жөн. Себебі, сот актілерін сауатты, және түсінікті жазу халықтың сот төрелігінің әділдігіне деген сенімін арттырып қана қоймай, негізсіз шағымдарды азайтты. Жаңартылған заңнамалық база ел тұрғындарының сот төрелігіне көзқарасын оңалтты. Нәтжесінде азаматтар құқықтарын сот арқылы қорғау деңгейі жылдан-жылға жақсаруда.

Сот жұмысының сапасы, оның әділдігі мен ашықтығы – кез-келген мемлекеттің демократиялық дамуының басты факторы саналады. Сондықтан, сот жүйесін модеринизациялау мен заманауи тетіктерді кеңінен пайдалану барлық уақытта өзектілігін жоймайды. Ата Заңмен айқындалғандай, мемлекет пен қоғамның, сондай-ақ, азаматтардың өзара қарым-қатынасындағы береке-бірлікке билік тармақтарының біріге атқарған іс-қимылының нәтижесінде жетуге болады.  Осы ретте ел соттары мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде жан-жақты дамыған заманауи сот жүйесін қалыптастыра алды.

Еліміздің болашаққа бастар бағыты да, мақсаты да айқын. Конституциялық реформалар жасалды, көптеген заңдар жаңарды, рухани жаңғыру жолына түстік. Соттардың ең басты міндеті – сот төрелігін уақтылы әрі сапалы түрде жүзеге асыру десек, айтып отырған игі істер соның жарқын көрінісі.

Гүлмира Айтжанова,

Алмалы аудандық №2 сотының судьясы

Алматы қаласы

Орталық Азия – Жапония: жаңа стратегиялық диалог

2025 жылғы 20 желтоқсанда Токио қаласында өткен «Орталық Азия...

Құқықтық мәдениет: ұғымы, құрылымы және қоғамдағы рөлі

Құқықтық мәдениет – құқықтық мемлекеттің негізін құрайтын маңызды қоғамдық...

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін қауіптілігі

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына елеулі қауіп төндіретін...

Право на свободу ведения предпринимательской деятельности не освобождает от ответственности за коррупцию

Парламент принял Закон, снимающий с руководителей подведомственных организаций –...