Реформалар салаға серпін берді

Тәуелсіздік сот саласын түлетті, жаңа белеске жеткізді. Осы жылдар ішінде сот жүйесіне тың бетбұрыс жасаған көптеген реформалар жүзеге асырылды. Соның барлығы сот үшін емес, халық үшін, халықтың игілігі үшін жасалғаны ақиқат.

         Соттың жұмысы халықтың сеніміне қарап өлшенеді. Халықтың пікірі, көзқарасы – соттағы нәтижеге берілетін басты баға. Өйткені, біздің негізгі тұтынушымыз – халық. Мәселен, алқабилер соты халық пен сотты жақындату үшін енгізілді. Бұл сот азаматтарға үшінші билік жұмысының қиындығы мен жауаптылығын сезіндіргені анық. Ал соттарды мамандандыру – азаматтардың дау-жанжалын кәсіби тұрғыда, әділ, тура шешуге бағытталған. Бір салаға маманданып, бір бағыттағы заңнамалармен жетік танысқан, тәжірибе қалыптастырған судьялардың істерді сапалы қарайтынына көз жеткізіп келеміз. Медиация институтының енгізілуі де азаматтарды сот әуресінен алыстату, дауды мейлінше жедел, шығынсыз шешуге бағытталған.

Сондай-ақ, сот жұмысына соңғы жылдары заманауи технология жетістіктерінің енгізілгені белгілі. Соған орай, «Сот кабинет» сервисі, «Төрелік», «Талдау» жүйелері тәжірибеге енгізілді. Бұл сервистер азаматтарды соттағы әбігерден құтқарып, ісін тез, шығынсыз, әуре-сарсаңсыз алуына көмектеседі. Осы сервистердің арқасында азаматтар арыз-шағымын сотқа келмей-ақ үйінде, кеңсесінде отырып онлайн жолдауға, іс қозғалысын сырттай бақылауға, қажетті құжаттарды шығарып алуға қол жеткізді. Әсіресе, сот мәжіліс залдарының дыбыс-бейне жазу құрылғыларымен жабдықталуы, бейнеконференц байланыстың жолға қойылуы сот отырысына қашықтан қатысуға мүмкіндік бергенін айта кетуіміз керек. Осындай оң бастамалардың нәтижесінде сот жұмысы карантин кезінде де тоқтаусыз жалғасты. Сот  отырысына қашықтан қатысу індеттің таралуына тосқауыл қойды.

Сот шешімін түсіндіру де азаматтар сенімін қалыптастырудың тетігі. Шешім ұзақ, заңдық терминдерге негізделіп жазылған жағдайда азаматтардың онда не айтылғанын, неге сүйеніп жасалғанын бірден түсінбесі белгілі. Ал қарапайым халық заң тілін жетік біле бермейді, құқықтық терминдер мүлде хабары жоқ. Сот шешімінен ештеңе ұқпаған, судьяның сөзінен іліп алар ештеңе таппаған азаматтардың үшінші билікке сенімі азаяры анық.  Осыдан келіп құқықтық тұрғыдан сауаты аз адам өзгелердің ықпалында кетеді. Жеңілгеніне көзі жетіп, көңілі сенбеген соң өзгелердің нұсқауымен жоғары сатыларға арыз жазады. Әурешілікке түседі. 

Мұндай кемшілікке жол бермеу үшін сот қабылдаған шешімнің мәнін ашып, заңды күшін, салдарын, орындау міндеттілігін тараптарға жеткізе білуі керек. Осы мақсатта Жоғарғы Соттың бастамасымен 2018 жылғы 1 қыркүйектен бері республика соттарында шығарылған әрбір сот шешімі тараптарға кәсиби және қарапайым тілде түсіндіріліп келе жатыр. Сот шешімі ресми құжат болғандықтан, оны дайындаудың, халыққа түсіндірудің де өз тәртібі бар. Оның негізі Жоғарғы Соттың «Сот шешімі туралы» Нормативтік қаулысында дәйектелген. Сот шешімінің мәнін, маңызын ұғынған тараптардың жоғары сатыларға шағым түсіру пайызы азайды. Бұл да болса бастамалардың халық игілігіне қызмет етіп жатқанының айқын дәлелі.

Әсет Боранбаев,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының төрағасы

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...

Имамдармен кездесу: интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері талқыланды

"Анти-фрод" Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Түркістан облысы полиция...