Референдум: бюллетеньде неге бір ғана сұрақ?

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова 5 маусымда өтетін республикалық референдумға Конституцияға енгізілген 56 өзгерту шығарылатынын, алайда қазақстандықтарға бюллетеньде бір ғана сұраққа жауап беру ұсынылғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«33 бапқа барлығы 56 түзету енгізілді. 56 бюллетень — 56 азаматқа 1 сұрақтан болуы керек. Бұл басқару тұрғысынан нені білдіретінін түсінуіміз керек. Барлық түзетулер, барлық сұрақтар бір-бірімен тығыз байланысты», — деп түсіндірді вице-министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

Алма Мұқанова бюллетеньде басқа түзетудің мағынасын бұзбас үшін келесі біреуіне дауыс беруге болмайтынын нақтылады.

«Біз Мәжіліске заң қабылдау құқығын беру туралы нормаға дауыс береміз, бірақ Сенатқа мақұлдау немесе мақұлдамау құқығын беретін нормаға дауыс бермейміз», — деді ол.

«Егер адамдар кейбір нормаларды жақтап, басқаларына қарсы болса, ол қарсы дегеннен гөрі қолдау көп пе, жоқ па, соны өзі мұқият анықтауы керек», — деп түйіндеді вице-министр.

Үздік университеттер қатарындамыз

QS Asia University Rankings – бұл жыл сайын британдық...

Білімді маманға сұраныс жоғары

Жыл сайын жоғары оқу орындарын бітіріп, еңбек нарығына араласатын...

АНА ТІЛІ – ҰЛТТЫҢ ӨЗЕГІ: СОТТАҒЫ АНА ТІЛІМІЗДІҢ ТАҒДЫРЫ

Егеменді еліміздің басты құжаты Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-бабы 1-тармағында...

Инициативы Съезда лидеров мировых и традиционных религий в центре международного круглого стола с участием ЮНЕСКО

От этики искусственного интеллекта до сохранения сакрального наследия: участники...