Райымбек Баталов «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы болып сайланды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс IX съезінде президиумның жаңа төрағасы сайланды. Ол Райымбек Баталов болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Съезде төралқа төрағасын сайлау төңірегінде дау туды. АЭС-тің бірқатар мүшесі президиум құрамын ғана емес, заңның кейбір нормаларын да өзгерту қажет екенін айтты.

Ұзаққа созылған даулардан кейін төраға міндетін атқарушы Райымбек Баталов біраз уақытқа төрағаны сайлап, ұлттық палатаны реформалаудан кейін осы мәселені қайта қарап, жаңасын сайлауды ұсынды.

«Көп нәрсені өзгерту керек екені түсінікті. Спикерлер айтқандай, бұл бірнеше айға созылатындығымен келісемін. Біз қазір сайлайтын президиум және жаңа палатада, жаңа жарғы, жаңа заңмен сайланатын төралқа — бұл басқа палата, өзара қарым-қатынас жүйесі болады. Мен 2-3 айдан кейін жиналып, жаңа жарғы жасап, президиумның жаңа құрамын таңдау үшін бәрін жұмысқа белсенді қатысуды ұсынамын. Мүмкін ол басқаша аталуы мүмкін», — деді Баталов дауыс беру алдында.

Бастамашы топ Баталовтың кандидатурасын ұсынды. Президиум қолдады.

Палата мүшелерінің дауыс беруі нәтижесінде Баталов «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы болып сайланды. Оның кандидатурасына 248 адам дауыс берген.

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...

Экспертное заключение

«ADALDYQ CUP» — эффективный инструмент трансформации государственной службы Качество современного...

Эксперттік қорытынды

«ADALDYQ CUP» — мемлекеттік қызметті трансформациялаудың тиімді құралы Бүгінгі мемлекеттік...

Нет коррупции!

Коррупция остаётся одной из наиболее актуальных проблем современного общества,...

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсерін тигізіп, азаматтардың...