12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Рақымшылық жалғасуда

Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті ЕЦ-166/25 «мекемесі» мемлекеттік мекемесінде сотталған азаматтарды ҚР Президентінің рақымшылық қолдану актісі бойынша босату жұмыстары жүргізілуде, қазіргі таңда рақымшылық актісін қолдану арқылы мекемеден 18 сотталған азамат бостандыққа шығарылды. Бұл шағын және орташа ауырылықтағы қылмыс жасаған сотталғандар, оның ішінде әлеуметтік осал санаттағы адамдар.

Сонымен қатар мекемеде алдағы уақытта 69 сотталған азаматтар өздерінің жаза өтеу мерзімдерін рақымшылық актісі арқылы қысқартып, отбасыларына оралатын күнін, яғни бостандыққа шығатын күндерін асыға күтуде.

Сотталған азаматтарға арналған бостандыққа шығару туралы соттар мекеменің әкімшілік қызметкерлерінің қатысуымен онлайн түрде өткізілді, судьяның қатты дауыспен «тез арада босатыңыз»- деп жариялады, сотталған азаматтар аз уақыт арасында күтпестен олар қоршаудың арғы жағында тұрды.

Көптен күткен бостандық иісін сезініп, өздерінің жақын туған-туыстарымен, отбасыларымен көзінен қуаныш жасы төгілді. «Оларға қарап, «Рақымшылық туралы» Заңды жүзеге асыруға дайындық барысындағы үлкен жұмыстың бекер жасалмағанын түсінесің,-дейді колония бастығы Мерген Аргумбаев. Әсіресе, туыстары мен босатылғандардың өздерінен түсінік танытқаны, көмегі мен қолдауы, түзеу мекемесі қызметкерлерінің қажырлы еңбегі үшін әкімшілікке алғыс сөздерді естудің өзі қуантады.

Мекеменің қызметтері туыстары алып кете алмаған бостандыққа шыққандарды тұрғылықты жеріне жол жүретін құжатпен, тамақпен, жол ақысына ақшамен қамтамасыз ету шараларын қабылдады.  

«Таза Қазақстан!» экологиялық акция  №11 мекемедегі балалар колониясында сенбілік өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС Алматинской области отметили День единства

Сотрудники учреждения №14 Департамента УИС по г. Алматы, Алматинской...

Елордалық колонияда Халықтар бірлігі күні атап өтілді

ҚР ІІМ ҚАЖК “№3 Мекеме” РММ-де сотталғандар арасында «Қазақстан...

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қарт адамдарға концерттік бағдарлама ұйымдастырды

1 мамыр Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күні қарсаңында Абай...