Рақымшылыққа ілігетіндердің тізімі қашан жарияланады? Әділет министрі жауап берді

Әділет министрі Қанат Мусин бір реттік рақымшылыққа ілігетіндердің тізімі Парламент заң қабылдағаннан кейін белгілі болатынын мәлімдеді. Депутаттар құжатта бұл құқықты кімдер пайдаланатынын нақты көрсетеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап.   

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қаңтар оқиғасы кезінде ауыр қылмыс жасамаған азаматтарға бір реттік рақымшылық жасау бастамасын көтерген болатын.

“Тізім әлі жоқ. Рақымшылық туралы заңды Парламент қабылдайды. Қандай қылмыс түріне, кімдерге жеңілдік болатыны құжатта көрсетіледі. Осы заң жарияланып, күшіне енгеннен кейін ғана тұлғалар анықталады”, – деп мәлімдеді Қанат Мусин.

Сонымен қатар елде үш жаңа партия тіркеліп жатыр. Одан бөлек 13 партияны тіркеу өтініші қаралып жатыр. Министрдің айтуынша, «Халық дербестігі» партиясы съез өткізіп, өз мүшелерінің тізімін ұсынған.  Ал «Намыс» және «Байтақ» партиясы съез өткізу сатысында.

“Бүгінде 3 партия тіркеу рәсімінің бірінші кезеңінен өтті. Қазір болашақ партиялар съезді өткізу және партия активін қалыптастыру сатысында. Қолданыстағы заңға сәйкес, партияны тіркеу үшін оның құрамында кемінде 20 мың партия мүшесі болуы керек. Сонымен қатар еліміздің әр өңірінде кемінде 600 партия мүшесі болуы тиіс”, – деп қосты әділет министрі. 

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...