«Рақмет», «Қайтардым» немесе «Қарыз» деп жазуға бола ма? Мемлекеттік кірістер комитетінің түсіндірмесі

Ақша аударған кезде «рақмет», «қайтардым» немесе «қарыз» деп жазуға бола ма, бұл салық органдары тарапынан туындауы мүмкін сұрақтардан сақтануға көмектесе ме? Бұл сауалға Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Tengrinews.kz жолдаған ресми сауалға ведомство былай жауап берген: Салық кодексінің 24-бабына сәйкес екінші деңгейлі банктер мен кейбір банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар ақпаратты белгіленген нысандар бойынша ұсынады және ақша аударымдарына қатысты түсініктемелерді көрсетпейді.

«Мемлекеттік кірістер органдары ақша аударымдарына қатысты хабарламалар мен ескертулердің мазмұнына қол жеткізе алмайды және көрсетілген түсініктемелер салық тексерісін жүргізіп жатқан кезде заңды мәнге ие емес», — деп жазылған комитеттің ресми жауабында.

Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, ақша аударғанда қандай да бір сөз жазу операциялардың салық бойынша бағалануына әсер етпейді.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.