ҚР СІМ: Украинадағы отандастарымыздың арнайы рейсі 26-27 ақпанда орындалады

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау жұмыстарына қатысты мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, алғашқы репатриациялық рейс 26 немесе 27 ақпанда көкке көтеріледі деп жоспарланып отыр.

Біздің азаматтарымызды Польша шекарасына жеткізген автобустар қазір ұзын-сонар кептелісте тұр. Бір автобустың шекара өткелінде тұрғанына, міне жеті сағат болды. Онда әйелдер, балалар да бар. Жағдайды шамамен түсінген боларсыздар. Сондықтан, барлықтарыңыздан төзімділік танытуды сұраймыз. Алдағы уақытта басқа да репатриациялық рейстер ұйымдастырылады. ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров

Киевтегі елшілік штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Онда 8 адам жұмыс істейді. Осы түні Киевтегі ҚР елшілігінің ғимаратында 26 адам болды: оның ішінде 8 қызметкер, 18 азамат бар, соңғысының алтауы — бала.

Қазақстан дипломаттары біздің азаматтарымыздың толық қауіпсіздігін қамтамасыз етпейінше Украинада қала береді.

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...