Рұқсатсыз аң аулаған азамат пробация қызметіне есепке қойылды

Шығыс Қазақстанда рұқсатсыз дала шошқасын  аулағандар  Қылмыстық кодекстің 337-бабы 1-бөлігімен 1 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасына сотталып, үш  жылға аңшылық қызметпен айналысу құқығынан айырылған еді.  Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық сотының үкімінде жазылған мәліметтер бойынша «Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы» РММ-нің  «Шанханай» учаскесінде 3-4 жасар аталық жабайы дала шошқасын атып, заңсыз аулап, мемлекетке 1 148 625 теңгенің залалын келтірген. Қазіргі уақытта есепте тұрған сотталғандармен профилактикалық жұмыс жүргізілуде және болашақта олар Күршім аудандық №2 пробация қызметінің бақылауында болады.

Егер де есепте тұрған кезінде құқықбұзушылық жасаған жағдайда бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы – бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін. Оларға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу ережелері түсіндірілді.

Аяулым МҰРАТБЕКҚЫЗЫ, ШҚО Күршім аудандық №2 пробация қызметінің инспекторы

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...