ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ӨЗГЕРЕ МЕ?

597

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның бүкіл аумағында 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын короновирустан қорғау мақсатында Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысын және азаматтарды қабылдауды 16 наурыздан бастап уақытша тоқтатты. Барлық өтініштер
министрліктің ресми интернет-ресурсы, Министрліктің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары, Қазақстан Республикасының «e-gov» электрондық үкімет порталы және ҚР Президентінің виртуалды қабылдау бөлмесі арқылы электрондық түрде қабылданады.
Сондай-ақ, 8 7172 74 37 23 телефоны бойынша хабарласуға болады.