Қызылордада сотталғандар арасында көңілді тапқырлар клубы өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер арасында мәдени-рухани іс-шаралар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Осындай шаралардың бірі – Көңілді тапқырлар клубы (КВН) сайысы болып өтті. Бұл жарысқа үш команда қатысып, әзіл-қалжыңға құрылған көріністер қойып, өз өнерлерін ортаға салды.

Жазасын өтеушілер бұл шараға ерекше дайындықпен келіп, тапқырлықтарын танытып, қызықты қойылымдар көрсетті. Әзіл арқылы қоғамға, өмірге деген көзқарастарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Осындай сайыстар сотталған азаматтардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, рухани жетілуіне ықпал етіп, қоғамға бейімделуіне мүмкіндік береді.

  • Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте біздің команда 1-орын иелендік. Бұл біз үшін үлкен жетістік! Әр қатысушы өз өнерін жоғары деңгейде көрсетті.Көңіліміз көтеріліп, бір серпіліп қалдық. Осындай шаралардың көп болғанын қалаймыз. Алдағы уақытта да мекемеішілік іс-шараларға белсенді қатысуға дайынбыз”, – дейді сотталған азамат.

Мекеме әкімшілігі алдағы уақытта да осындай рухани-мәдени шараларды ұйымдастыруды жалғастыратынын жеткізді. Бұл – сотталған азаматтардың өмірге деген құлшынысын арттырып, олардың болашаққа сеніммен қарауына септігін тигізетін маңызды қадам.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...