12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылордада сотталған азамат ұлы ақынның өлеңін орындады

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде 10 тамыз Абай Құнанбайұлының туған күніне орай темір торға қамалғандар арасында кемеңгердің еңбектерін дәріптеу мақсатында іс-шаралар өтті.Сондай іс- шараның бірін қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің тәрбие бөлімі ұйымдастырды. Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар берілді.Сондай -ақ іс-шарада олар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыса, енді бірі қара сөздерінің мағынасына бойлап, өз-өзін танып білді. Тіптен бір сотталған “Көзімнің қарасы ” әнін нақышына келтіре орындады. Ол абайсызда қылмыс жасап сотты болған.Өзінің айтуынша ақын өлеңдерін жатқа айтып,әндерін орындайды. Ақын қара сөздерін де жатқа айтып, мәні мен мағынасына да тоқталып өтті.
– Мен кітапханадан ақынның өлеңдер жинағын алып оқыдым. Ақынның “Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат” және “Адасқанның алды –жөн, арты-соқпақ” деген өлеңдерінде айтылғандай, шынында да, мен арзан ойынға қызығып, қылмыс жасадым. Қисық соқпаққа түсіп, адасып кеттім. Енді міне, соның жазасын өтеудемін, – деп өз ісіне өкінетіндігін білдірді сотталған.
-Бүгінгі шарада сотталғандар ақынның табиғат лирикалары мен өнер-ғылымға арнаған шығармаларын нақышына келтіріп орындады. Абайдың қара сөздерін оқып, мән-мағынасын ашып, ойшыл ғұламаның сөздерінен ғибратты ой түйіндеді. Тағылымы мол тәрбиелік шарадан жазасын өтеушілер рухани азық алды.Алдағы уақытта да тәрбиелік мәні бар іс-шаралар жалғасын табатын болады,-деді жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Жандос Жақаев.

Тыйым салынған затты түзеу мекемесіне кіргізбек болған

Қызылорда қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесі жедел бөлімінің...

Тыйым салынған заттарды мемлекет кірісіне тапсыру туралы

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №3 мекемесінде 2024 жылы...

Службой пробации Сарыаркинского района г.Астана совместно с участковыми инспекторами полиции

УПП-69 по г.Астана, в ходе проведения регистрации осужденных состоящих...

Алатау ауданында тазалық жұмыстары жүргізілді

ҚР ҚК-нің 44-бабына сәйкес бас бостандығынан шектеу жазасына сотталағандарды...