Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері тұмауға қарсы екпе алды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінің қызметкерлері тұмау маусымының басталуына байланысты тұмауға қарсы екпе алды. Бұл шара қызметкерлердің денсаулығын қорғау және вирустың таралуын болдырмау мақсатында ұйымдастырылды. Тұмауға қарсы вакцинация – маусымдық тұмаудың алдын алудың тиімді әдістерінің бірі, әсіресе адамдар көп жиналатын және жабық мекемелерде жұмыс істейтіндер үшін өте маңызды.

Мекеменің тәрбие және кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Дінмұхаммед Оспановтың айтуынша, тұмауға қарсы екпе 20 қызметкерге салынған.ҚАЖ қызметкерлерінің вакцинациясы ұжымдық иммунитетті нығайтуға және жұқпалы аурулардың алдын алуға және өз кезегінде сотталғандар арасында да тұмаудың таралуын азайтуға көмектеседі. Вакцина салынған қызметкерлер денсаулығын сақтап қана қоймай, қызметтік міндеттерін үздіксіз орындауға мүмкіндік алады, — дейді Дінмұхаммед Оспанов .

Правовая поддержка и ресоциализация осужденных женщин

В Женской колонии УИС по области Абай в рамках...

ДУХ КОЧЕВНИКОВ — В СПОРТЕ

В учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай в...

Өмір – басты құндылық

2026 жылғы 10 қыркүйекте №21 мекемесінде Дүниежүзілік суицидтің алдын...

Орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың туыстарымен бейне кездесулер ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың жақын...