12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтарды жұмыспен қамту жұмыстары жалғасуда

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде 600-ге жуық сотталған азамат тұр. Олардың қоғамға қайта бейімделуі мен тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Жыл басынан бері пробация қызметінің қолдауымен 11 жұмыссыз азамат квота бойынша тұрақты жұмысқа орналасты.

— Сотталған деген сөзді естіген соң, көп жерде жұмысқа алғысы келмейді. Өмір болған соң, қателеспейтін адам болмайды. Өзімнің шалыс басқанымды мойындаймын. Бірақ пробация қызметкерлері бізге үлкен қолдау көрсетіп, психологиялық, құқықтық, медициналық көмектер беруде. Сонымен қатар, сот жүктеген міндеттерді орындау, заң бұзбау туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Ендігі арманым – жұмысымды істеп, ата-анама, бауырларыма көмек беру, — дейді пробация есебінде тұрған азамат.

Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Фариза Сембаеваның айтуынша, қазіргі уақытта жұмыссыз сотталғандарды квота арқылы жұмысқа орналастыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, жеке кәсіп ашуға ниетті азаматтарға да қолдау көрсетілуде.

— Жұмыссыздықтың алдын алу мақсатында тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп, пробация есебіндегі азаматтардың қоғамға бейімделуіне барынша жағдай жасалады, — дейді әділет майоры.

Бұл бастама есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік тұрғыда қолдап, олардың қайта қылмыс жасауына жол бермеуге бағытталған тиімді шаралардың бірі болып табылады. Пробация қызметі алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыратын болады.

Болашақ түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысы

Болашаққа қадам басқан түлектерге бағыт-бағдар беру мақсатында, Алматы және...

ҚАЖ қызметкерлері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №14 мекемесінің...

Қазақстан: азаптауға қарсы күрестегі түбегейлі өзгерістер және адам құқықтарын қорғау

Әрбір адамның азаптаудан және қатыгез қарым-қатынастан қорғау құқығы  «Адам...

В Мангистауской области презентована концепция развития визит-центра «Айракты»

Сегодня, 20 февраля, в селе Шетпе Мангистауского района состоялись...

Маңғыстау облысында «Айрақты» визит орталығының даму тұжырымдамасы таныстырылды

Бүгін 20 ақпанда, Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе ауылында  Айрақты...