Қызылордада мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» (бұдан әрі – Орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы мен қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сыртқы талдау барысында, аталған Орталықта қызмет алушыларына тиісті стоматологиялық қызмет  жұмыстары немқұрайлы жасалып, өз деңгейінде жүргізілмегендігі белгілі болды.

Мәселен,  2023 жылы Орталық пен жеке кәсіпкерлер арасында орталықта қызмет алушы адамдар үшін стоматологиялық қызмет көрсету жөнінде келісім шарттар жасалған. Осыған байланысты, мемлекеттік сатып алу бағдарламасы бойынша мердігерлерге тиісті қаражат аударылған. Алайда, іс жүзінде жұмыс дұрыс атқарылмай, 4 адам қажетті көмектен тыс қалған.

Департамент ұсынысымен Орталық қызмет алушыларының құқықтары қалпына келтірілді, оларға тиісті стоматологиялық қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар, аталған мекеменің басшысы мемлекеттік сатып алу барысында кемшіліктердің орын алуына жол бергені үшін «сөгіс» түріндегі, ал орталықтың дәрігер-терапевті мен мемлекеттік сатып алу менеджері атқарымдық қызметіне жауапкершілікпен қарамағаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстандықтардың басым бөлігі соңғы үш жылда өмір сүру жағдайының жақсарғанын байқаған – ҰТО зерттеуі

Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық талдау орталық (ҰТО) «Елді мекендердің...

Большинство казахстанцев заметили улучшения условий жизни за последние три года – исследование НАЦ

Национальный аналитический центр (НАЦ) при Назарбаев Университете представил итоги...

Государственным служащим даны разъяснения

Государственным служащим акимата Наурызбайского района города Алматы даны разъяснения...

«ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫНЫҢ АМБАССАДОРЫ» ҚҰРМЕТТІ АТАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

2026 жылғы 3 қыркүйекте Ташкент қаласында өткен «Түркі әлемінің...

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...