Қызылордада есептегі бес сотталғанның отбасына азық-түлік себеттері таратылды

Наурыз мерекесінің қарсаңында Қармақшы аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен “Наурыз мейірімі” атты әлеуметтік жағдайы төмен 150 отбасыға қайырымдылық акциясы болды. Ол акциядан Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарда құр қалмады. Акцияның мақсаты – пробация есебіндегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына азық-түліктей көмек көрсете отырып, олардың әлеуметтік жағдайына демеу болу. Қармақшы аудандық пробация қызметі аталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек түрлерін көрсету барысында жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдармен бірлесіп, өзара іс-қимыл жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көмек алған отбасылар ризашылық көңілдерін жеткізіп, құқық қорғау және уәкілетті органдарға алғысын білдірді.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік...