12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылорда ҚАЖ-да жазасын өтеуші әйелдер Анаға тағзым орталығында «Келінжан» фильмін тамашалады

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 37-ші мекемеде жазасын өтеп жатқан әйелдер үшін ерекше мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Мекеменің психологы әйелдерді Анаға тағзым орталығына аып барды.
Бұл іс-шараның мақсаты — жазасын өтеушілерге рухани қолдау көрсету және олардың эмоционалды жағдайын жақсарту.
Іс-шара аясында жазасын өтеушілер «Келінжан» фильмін көріп, кинотанымдық уақыт өткізді. Әйелдер бұл кинотуындыдан үлкен әсер алып, көркем туындының терең мағыналы көріністеріне көз жүгіртіп, жылап та, күліп те алды. Келінжан киносы өмірдің шынайы қиындықтары мен қуаныштарын суреттеп, әр адамның тағдырына ой салады. Фильм аяқталғаннан кейін, жазасын өтеуші әйелдер кинодан алған әсерлерімен бөлісіп, өмірлік қиындықтарды еңсеру жолдарын талқылады.

Бұл кинодан әрбір ана, әйел тағдырының күрделілігі, сондай-ақ өмірдің мәнін түсіну туралы көп нәрсе үйренуге болады. Кино бізді терең ойларға жетеледі, өмірдің қайғысы мен қуанышын, әйел затының төзімділігі мен ана болудың қасиеттілігін көрсетті. Алған әсерімізді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Рухани азық алдық. Осындай керемет шараны ұйымдастырған мекеме психологы Ақгүл Амановаға алғысымыз шексіз, – дейді жазасын өтеп жүрген әйелдердің бірі.

Кедейлік — жалпыадамзаттық мәселе

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) ең алғашқысы – «Кедейлікті жою»,...

Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарының бұзылуының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша...

Привлечение к общественным работам – польза обществу

За совершение уголовных проступков существует мера наказания - как...

“Семьи разные нужны — семьи разные важны”

26 ноября 2024 года в столичной колонии психологом учреждения...