Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының шетел жұмыс күшін тарту бөлімінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті

Жуырда, Қармақшы ауданы Жосалы кенті әкімшілігінің мәжіліс залында Қызылорда облысы полиция департаменті ЖПҚ-і басқармасының учаскелік полиция кызметін ұйымдастыру тобының инспекторы полиция капитаны С.Куздикеновпен Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының шетел жұмыс күшін тарту бөлімінің бас маманы А.Мырзабектың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге аудандық жұмыспен қамту бөлімі, мансап орталығы,
медицина, полиция және пробация қызметі қатысты.
Кездесудің басты мақсаты- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2024 жылғы 26 наурыздағы № 263, Қазакстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік корғау министрлігінің 2024 жылғы 26 наурыздағы № 81, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2024 жылғы 26 наурыздағы № 171 бірлескен бұйрығын бекіту туралы «Пробация қызметінің және полицияның жергілікті атқарушы органдармен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылган сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, сондай-ақ пробация қызметінің, полицияның есебінде тұрган адамдарга әлеуметтік құқықтық көмек көрсету жөніндегі өзара іс-қимыл жас ау тетіктерінің алгоритмі» таныстырылып, кеңінен талқыланды. Оған қоса, аталған органдар ағымдағы жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмыстары тоқталып, алдағы жоспарланған тоқсанда атқарылар жұмыстарға бағыт-бағдар берді.

Жүнісов Жақсыбек Әділханұлы Қармақшы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...

Будущим юристам показали работу уголовно-исполнительной системы изнутри в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной...

Сот жүйесінде электронды цифрға өтудің маңыздылығы

Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуы сот жүйесіне де елеулі...