Қызылорда облысында сотталған азамат заңды некеге тұрды

Қызылорда облысында ҚАЖД-ға қарасты қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде сотталған азамат заңды некеге тұрды.
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 мекемесінде ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-тармағымен екі жылға бас бостандығынан айырылған сотталған азамат заңды некесін қиды. Жуырда ғана жаза мерзімін өтеуге жіберілген азамат мекеме заңгерінен кеңес алады. Некеге тұру бойынша өтініш жазды. Мекемеге сотталған азаматтың сүйіктісі келіп, мекеме заңгері Жалғас Есмаханов неке қию туралы куәліктерін табыстады. – Неке және отбасы туралы кодекске сәйкес сотталғандардың да неке қиюға құқығы бар. Некесін қидырып, отбасылы болған жазасын өтеуші азамат жауапкершілікті сезініп, түзелу жолына түсіп, отбасына тезірек оралуға тырысады. Бүгін некесін қиған азамат та өзін жақсы жағынан көрсетіп, тәртібі жақсы болып, отбасына тезірек оралатынына сенім артамыз, – дейді Жалғас Есмаханов.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...