Қызылорда да сотталған азаматтарға 240 дана кітап сыйлады

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеуші азаматтарға Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мамандары 240 дана қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптарты сыйға тарту етті. Бұл туралы мекеменің кітапханашы маманы Батыржан Сәруаров мәлімдеді.

Кітап ғылыми азық. Қазіргі таңда мекемеде жазасын өтеп жатқан әрбір сотталған азаматтар қабылдауға жазылып, бірнеше дана өздеріне қажетті кітаптарды ала алады. Кітап оқу арқылы өмірге деген көз-қарастары өзгеріп, жаңа өмірге қайта бейімдеуге құлшыныстары артады. Сонымен қатар, кітап оқу арқылы түрлі шығармалар құрастырып, өлеңдер  жинағын жазып шығарады. Мүмкіндік болса мекеменің әлеуметтік парақшаларына жарияланады. Арнайы әдеби шараларда мұндай шығармаларды паш етіп, сотталған азаматтардың ой санасын қайта бейімдейміз,- дейді Батыржан Сәруаров.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...