Қызылорда да пробация есебіндегі сотталғандар дойбы мен шахматтан сынға түсті

Қызылорда қалалық пробация қызметі мен Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығы бірлесіп пробация есебіндегі тұлғалар үшін спорттық шара ұйымдастырды. Спорттық шараға 15 сотталған адам қатысып спорт түрі дойбы мен шахматтан сынға түсті.
Шараның басты мақсаты — сотталған азаматтардың әлеуметтік бейімдеу және қайта әлеуметтендіру. Дойбы мен шахмат сияқты интелектуалдық ойындар ойлау қабілетін дамытуға, стратегиялық ойлауды жетілдіруге, сонымен қатар психологиялық стрессті төмендетуге көмектеседі. Бұл ойындар сотталғандардың сабырлы болуына, әлеуметтік қарым-қатынастарды жақсартуға және қоғаммен байланыс орнатуға оң әсер етеді.
Ойын барысында қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, әр ойында жеңіске жету үшін барын салды. Жарыс нәтижесімен үздік ойын көрсеткен тұлғалар алғысхатпен марапатталды. Бүгін мен дойбы ойынында жеңімпаз атандым. Бұл мен үшін үлкен қуаныш, себебі дойбы — тек қызықты ойын ғана емес, сонымен қатар терең ойлау мен стратегиялық жоспарлауды талап ететін күрделі ойын. Өзімнің шеберлігімді көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріндім, қарсыластарым да осал болмады. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз,-деді есептегі азамат.

Правовая поддержка и ресоциализация осужденных женщин

В Женской колонии УИС по области Абай в рамках...

ДУХ КОЧЕВНИКОВ — В СПОРТЕ

В учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай в...

Өмір – басты құндылық

2026 жылғы 10 қыркүйекте №21 мекемесінде Дүниежүзілік суицидтің алдын...

Орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың туыстарымен бейне кездесулер ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың жақын...