12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылода қалалық пробация есебіндегі әйел азаматшалармен тренинг өтті

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде 600-ге жуық адам есепте тұрады. Оның 70-ке жуығы әйел азаматшалар. Пробация есебіндегі тұрғаларға әлеуметтік, құқықтық көмектер үздіксіз көрсетіліп, әр түрлі бағытта семинар- тренингтер өткізіледі. Бүгінгі семинар тренингтің ерекшелігі тек әйел азаматшаларға арналды. Қалалық пробация қызметінің ұйымдастыруымен Облыстық “Анаға тағзым” орталығында “Отбасы- бақыт мекені” тақырыбында тренинг өтті. Тренинг барысында қатысушылар отбасылық құндылықтарды сақтау, ана мен бала қарым қатынасы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны туралы психолог мамандармен пікір алмасып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.


Тренинг соңында “Анаға тағзым” орталығының жұмыс бағытымен, клуб-студияларымен танысып,қыз-келіншектен игілігіне қызмет ететін орталықтың барына алғысын жеткізді.
-Қызылорда қаласында тұрсам да, бұл орталыққа бірінші рет келіп отырмын. Бүгінгі тренингтен ерекше әсер алдым. Отбасының қазығы – бала. Баланың тәрбиелі, ақылды болып өсуі тікелей отбасының берекесіне байланысты. Жасаған қателігіме қарамастан, бала тәрбиесіне баса назар аударамын. Бүгін психологтардан құнды кеңестер алып, өзара пікір алмасып, жанымыз жадырап қалды. Осындай шараларды жиі ұйымдастырса, әрдайым қатысуға дайынмын. Бізге қолдау көрсеткен қалалық пробация қызметіне алғысым шексіз, – деді есептегі азаматша.
Бұл шара әйелдердің өмірге деген құлшынысын арттырып, оларға рухани және психологиялық демеу болу мақсатында ұйымдастырылды. Қалалық пробация қызметі мұндай жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отыр.

Конституциялық құқықты сот арқылы қорғау механизмі күшті әрі нәтижелі

Қазақ елі – еркіндік пен егемендік жолында талай ғасыр...

Бірліктің берік тұғыры

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойымен шын...

Салық кодексіндегі жаңа жеңілдіктер: ескі көліктердің екінші тынысы

Статистика көрсеткендей, елiмiздiң автопаркiнiң жартысынан астамы осы жеңілдікті пайдалана алады. Әңгіме 11 жылдан асқан көліктер туралы болып отыр. Шыққанына11-20 жыл аралығындағы жеңіл көліктер үшін 30 пайыздық және ескі көліктер үшін 50 пайыздық салық жеңілдігін бекітетін норма құжатта қалды. Кодекс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс. Сол кезден бастап жеңілдіктер қолданыла бастайды. Мысалы, 2026 жылдың ақпанында ескі автокөлікті сатқан жағдайда, оның иесіне салықты 2025 жылға дейін ескі мөлшерлеме бойынша (егер ол төленбесе), ал 2026 жылы иелену уақытында жаңа, төмендетілген мөлшерлеме бойынша төлеу қажет болады. ҚР Ұлттық статистика бюросының есебіне сәйкес, 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда барлығы 6 175 955 көлік құралы тіркелген. Оның ішінде жеңіл көліктер саны -...

Мәртебесі биік мемлекеттік мереке

Тұңғыш Конституцияның тарихы 1993 жылдан бастау алады. Қолданыстағы Конституция 1995 жылы...

Түркиядағы Абай есімі —  бауырластықтың белгісі

2025 жылы Қазақстан мен бүкіл түркі әлемі ұлы ақын,...