Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Telegram мобильді қосымшасында EgovKzBot 2.0 платформасын іске қосылды. Платформа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту, сонымен қатар қызмет алушылар тарапынан туындаған мәселелер бойынша қажетті ақпаратты жылдам алуға мүмкіндік береді.
Алматы қаласында жыл басынан бастап, 231 шағымдары қаралды.
Өтініштерді зерделеу барысында, арызданушылардың көбі ХҚКО қызметкерлері бойынша шағымданғаны анықталды.
Құқығы қалпына келтірілгендерің жарқын мысалы:
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша қызмет алушы М. тұрғылықты мекен – жайының өзгеруіне байланысты өтінім жіберген болатын. Алайда, базада техникалық ақауға байланысты өтінімі орындалмады. Телеграмм боттағы қызмет алушының өтінімі бойынша Департамент қызметкерлері Алматы қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен сәйкес жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде қызмет алушы өз аумағына жатпайтын емхананы таңдағаны анықталды. Түсіндірме жұмыстарынан кейін қызмет алушы М. қайтадан өтінім беріп, өз аумағына жататын емханаға тіркеліп қызмет алушының толық құқығы қалпына келтірілді.
Қазіргі таңда, EgovKzBot 2.0 платформасының чат боты-азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету процесін жеңілдететін және қолжетімжілікті аттыратын маңызды құрал болып табылады.


