Қысқы ауа райынан қанша қазақстандық зардап шекті?

Қыс айлары аяз бен қауіпке толы мезгіл. Бұл кезеңде көпшілік үсікке шалынып, мұздан тайып мертігіп жатады. Елімізде осыған ұқсас қанша жағдай тіркелгенін ҚР Денсаулық сақтау министрлігініен Massaget.kz тілшісі сұрап білді. 

Министрліктің мәлімдеуінше соңғы үш жылда 2722 адамды үсік шалған. Оның ішінде 24 адам қысқы аяздан қайтыс болған. 

«2022 жылғы көрсеткіш- 876 (өліммен аяқталғаны- 9); 2023 жылғы көрсеткіш — 1176 (өліммен аяқталғаны — 9; 2024 жылғы көрсеткіш бойынша- 1179 (өліммен аяқталғаны — 6), яғни бұл стационарлық ем алған науқастар, амбулаториялық көрсеткіштер Республика саны бойынша 2022 жылы — 608; 2023 жылы- 778; 2024 жылы -1336 болып табылады» деп жауап берді министрлік. 

Газдан уланғандар саны қанша?

Сондай-ақ, ДСМ көмірқышқыл газымен уланғандардың санын ұсынды. Дерекке сенсек, соңғы үш жылда 4173 адам газдан уланып, оның ішінде біреуі ажал құшқан. 

«Республика бойынша соңғы үш жылда көмірқышқыл газынан уланумен емдеуге жатқызу көрсеткіші бойынша 2022 жылда- 1350 (қайтыс болумен аяқталғаны-1); 2023 жылғы көрсеткіш-1586 (қайтыс болумен аяқталғаны-0); 2024 жылғы көрсеткіш бойынша- 1237 (қайтыс болумен аяқталғаны-0)» делінген жауапта. 

Нені ескеру керек?

Денсаулық сақтау министрлігі мерзімдік жарақаттар  бойынша, қыс айларында жарақаттану көрсеткіші өсетінін айтты. 

«Республика бойынша қыс айларында жарақаттармен емделгендер саны стационарларда 2022 жылы — 150 653; 2023 жылы — 166 124; 2024 жылы — 174 375 адамды құрады. Көше жарақаттары бойынша барлық жыл мезгілдерін алғандағы көрсеткіштер саны 2022 жылы — 34 846; 2023 жылы — 39 601; 2024 жылы — 19 785 құрады» деп қосты ДСМ.

Қыстың қолайсыз ауа-райы азаматтардың өміріне көп қауіп төндіреді. Көк тайғақ кездерінде жол апаттары, адамдардың жарақаттануы, жылу қазандықтарының жылуға қосылу уақытында көмірқышқыл газымен уланғандар саны артатыны да белгілі. Аталмыш статистиканы ұсына келе министрлік тұрғындарды қауіпті ауа-райы кезінде сыртқа шықпауға, тайғанақ жолдарда сақ болуға, мұқият жүруге шақырды. 

Ақтөбе облысының әкімі әкімдік ғимаратындағы өртке байланысты мәлімдеме жасады

Әкімнің сөзінше, кеше облыстық әкімдік ғимаратында болған өрт толық сөндірілген, жағдай тұрақты, бақылауда.

Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды

Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер: Қазақстанда кім қанша алады? 

Қазақстан соңғы жылдары әлеуметтік саясатты жүйелі түрде күшейтіп келеді. Бүгінде бұл бағыт тек уәде күйінде емес, нақты қаржылық механизмдер арқылы іске асып отырғанын көруге болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге келу туралы келісімді құптайды 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.

Алматы жолдарына жасырын патрульдер шықты

Алматы қаласында "STOP бұзушылық" тақырыбында ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолдарда жасырын патрульдеу форматы енгізілді.